Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7458-15 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айыртау ауданының әкімі | М. Мендыбаев |