Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін жинауға, тасымалдауға, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 16-5 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихат төрағасы
М. Жүсіпбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар аудандық мәслихатының
  2024 жылғы "28 " ақпандағы № 16-5
  шешіміне № 1 қосымша

Ақжар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Реттік нөмірі

Коммуналдық қалдықтарды жинақтау объектісі

Есептеу бірлігі

Коммуналдық қалдықтарды жинақтаудың жылдық нормасы, м3

1

Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері

1 тұрғын

2,20

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да осындай нысандар

1 орын

1,23

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,05

4

Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,76

5

Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,67

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 бару

-

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері

1 төсек-орын

1,18

8

Мектептер және басқа оқу орындары

1 оқушы

0,30

9

Мейрамханалар, кафелер, басқа да ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

1,12

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казинолар, ойын автоматтары залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 орын

-

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы ауданы 1 м2

-

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,02

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы ауданы 1 м2

-

14

Азық-түлік және өнеркәсіптік дүкендер, аралас дүкендер

1 м2 сауда алаңы

0,35

15

Көшедегі сауда

1 м2сауда орны

0,51

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар

1 м2 сауда алаңы

0,51

17

Көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары

Жалпы ауданы 1 м2

-

18

Тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету

Жалпы ауданы 1 м2

-

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы ауданы 1 м2

-

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы ауданы 1 м2

0,78

21

Дәріханалар

1 м2 сауда алаңы

0,18

22

Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, ЖҚС

1 машина орны

4,08

23

Автокөлік шеберханалары

1 жұмысшы

-

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гараж

-

25

Шаштараздар, сұлулық салондары

1 жұмыс орны

2,24

26

Кір жуу, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі

Жалпы ауданы 1 м2

0,37

27

Шеберханалар, зергерлік бұйымдар, аяқ киім және сағат жөндеу

Жалпы ауданы 1 м2

-

28

Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттерді дайындау және т. б.)

Жалпы ауданы 1 м2

-

29

Моншалар, сауналар

Жалпы ауданы 1 м2

-

30

Қала аумағында жаппай іс-шараларды ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

-

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар аудандық мәслихатының
  2024 жылғы "28 " ақпандағы № 16-5
  шешіміне № 2 қосымша

Ақжар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері

Атауы

Жинау және тасымалдау

Сұрыптау

Жерлеу

барлығы

Құны (теңгенің қосылған құн салығынсыз)

Бір адамға

195,87

15,79

62,69

274,35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады