Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 194 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 қыркүйекте № 7796-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Жаров

  Тимирязев ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 25 қыркүйектегі
  № 194 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының арнайы жер қоры жөнінде Ережелерді бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 20 шілдедегі № 200 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1322 болып тіркелді).

      2. "Тимирязев ауданының қорғаныс спорттық сауықтыру лагерінде Тимирязев ауданының оқу орындарындағы 10-шы сыныптарының оқушыларын далада оқытуға жинауды ұйымдастыру және өткізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 114 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-12-22 болып тіркелді).

      3. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы" аудан әкімиятының 2001 жылғы 28 тамыздағы №79 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 140 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-12-24 болып тіркелді).

      4. "Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 наурыздағы, № 75 аудан әкімдігінің қаулысына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыдағы № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-12-32 болып тіркелді).

      5. "Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау мен облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде саяси партиялар үшін сайлау алдындағы үгітті баспа материалдарын орналастыратын орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 9 шілдедегі № 225 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-12-36 болып тіркелді).

      6. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 362 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-12-42 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады