Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 112 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 8-33 с "Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне және облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаттылығына кандидаттарды сайлау үшін партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сайлаушыларымен кездесулер өткізу үшін ғимараттарды ұсыну туралы" шешімінің шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-13-52 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі |
М. Абдулов |
Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы | С. Саниев |