Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 18 маусымдағы № 19/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 маусымда № 7766-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы К. Жангужинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады