2024 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары, өтінім нысаны және өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қарашадағы № 245 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 қарашада № 5232-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2024 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары, өтінім нысаны және өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 12 қарашадағы
№ 245 қаулысына қосымша

2024 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары, өтінім нысаны және өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге

Өлшем шарттары

Өтінім беру мерзімі

1

Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы

бас

270 000

1. Өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 100 бастан кем емес болуы;
2. Өтінім беру сәтінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқоры (АЖБ) және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында (САТЖАҚ) аналық мал басының тіркелген болуы (ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің немесе кооператив мүшелерінің атында тіркелген болуы)

Ағымдағы жылғы 21 қазаннан бастап 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

Өтінім нысаны

  _____________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және
астананың) жергілікті
атқарушы органы

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының (сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы) азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидия алуға арналған өтінім

  Өтінім нөмірі:___________
Өтінім қалыптастырылған
күн: ______

      1. Тауар өндірушінің атауы _____________________________________________
_________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңды тұлғаның атауы)

      2. Тауар өндірушінің мекенжайы: _______________________________________
(облыс, аудан, қала/ауыл, көше, үйдің нөмірі)

      3. ЖСН/БСН _________________________________________________________
(жеке/заңды тұлға үшін

      4. Телефон нөмірі______________________________

      5. Ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша статистика:

      1. Өтінім берген сәттегі ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының тізімі:

р/с №

ЖБН

1.


2.


3.


      2. Субсидиялауға жататын аналық мал басының саны _________бас

      3. Субсидиялау нормативі _________теңге

      4. Өтелетін сома _______________ теңге


Р/с №

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Азықтық дақылдарға арналған жер учаскелерін және (немесе) шабындық (жайылымдық) алқаптарды (егістіктер, шабындықтар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар) бөлу туралы акт

Актінің нөмірі


Актінің берілген күні


Кадастрлық нөмірі


Алаң, гектар


2.

Тиісті күнтізбелік жылға азықтық дақылдарды себу алаңы (бар болса)

Азықтық дақылдар себілген алаң, оның ішінде түрлері бойынша, гектар


3

Дайындалған азықтың көлемі

Азықтың дайындалғанын растайтын құжаттың атауы мен күні


Ағымдағы жылы түрлері бойынша дайындалған азық, тонна

4.

Азық дайындауға жұмсалған шығынды растайтын құжат

Азық дайындауға жұмсалған шығындар сомасы, теңге


5.

Азықтың сатып алу-сату шарты

Сатушының атауы


Сатушының БИН-і

Шарттың нөмірі мен жасалған күні

Азықтың көлемі, тонна

Электрондық шот-фактураның нөмірі мен күні

Шарт бойынша барлық сома, теңге

6.

Екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасы

ЖСН/БСН


ЖСК


Кбе


банктің немесе почта операторының деректемелері: банктің немесе почта операторының атауы:


БСК


БСН


Кбе


      Субсидияланған аналық мал басының (табиғи кему нормалары шегіндегі өлім-жітімді қоспағанда) жыл бойы сақталуын қамтамасыз етемін, сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, алынған субсидияларды қайтаруға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ, дербес деректерді жинақтауға, өңдеуге келісім беремін.

      Өтінім беруші 20___жылғы "__" __________ сағат ___ қол қойып, жіберді.

      Өтінім беруші туралы ЭЦҚ-дан алынған деректер.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСК - банктік сәйкестендіру коды;

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Кбе - бенефициар коды;

      ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады