Исатай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 2 "Исатай ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 1 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 қаңтарда № 5124-06 болып тіркелді

      Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Исатай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 2 "Исатай ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2849 санымен тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Исатай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Мусин

  Исатай ауданы
әкімдігінің 2024 жылғы
17 қаңтардағы № 1 қаулысына
қосымша
  Исатай аудандық
әкімдігінің 2014 жылғы
10 қаңтардағы № 2 қаулысына
қосымша

Исатай ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы (шақырым)

1

КЕ-IS-1

"Аққыстау-Марташи" жол

12,0

2

КЕ-IS-2

Х.Ерғалиев ауылына кірме жол

1,0

3

КЕ-IS-3

Жанбай ауылына кірме жол

3,3

4

КЕ-IS-4

Исатай ауылына кірме жол

7,0

5

КЕ-IS-5

Өркен ауылына кірме жол

3,0

6

КЕ-IS-6

Зинеден ауылына кірме жол

2,0

7

КЕ-IS-7

Амангелді елді мекеніне кірме жол

4,0

8

КЕ-IS-8

Нарын ауылына кірме жол

6,7

9

КЕ-IS-9

Жасқайрат елді мекеніне кірме жол

40,0

10

КЕ-IS-10

Қызылүй елді мекеніне кірме жол

40,0


Барлығы:


119,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады