Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Исатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 108 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3548 болып тіркелген) және "Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 108 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Исатай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 267 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 25339 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Мусин |
Исатай ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы 22 қарашадағы | |
№ 200 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінің басшысы;
барлық мамандықтағы дәрігерлер;
мейіргер;
емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
барлық мамандықтағы мұғалімдер;
тәрбиеші;
логопед;
психолог;
дефектолог;
әдіскер;
қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімінің басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
әкімші (негізгі қызметтер);
аккомпаниатор;
концертмейстер;
библиограф;
кітапханашы;
дыбыс режиссері;
барлық атаудағы инженер(негізгі қызметтер);
мәдени ұйымдастырушы(негізгі қызметтер);
ұжым (үйірме) басшысы;
барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
музыкалық жетекші;
музыкалық әрлеуші;
редактор (негізгі қызметтер);
режиссер;
қоюшы режиссер;
хореограф;
барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
барлық мамандықтағы инженер;
инспектор;
костюмер;
жарық аппаратурасы, бейнежазба және дыбыс жазба операторы.