Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 108 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3548 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Абежанға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | П. Хасанов |
Исатай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 267 қаулысына қосымша | |
Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 108 қаулысына қосымша |
Исатай ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінің басшысы;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) мейіргер;
5) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
7) тәрбиеші;
8) логопед;
9) психолог;
10) дефектолог;
11) әдіскер;
12) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
13) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
14) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
15) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
16) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;
6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімінің басшысы;
7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
8) әкімші (негізгі қызметтер);
9) аккомпаниатор;
10) концертмейстер;
11) библиограф;
12) кітапханашы;
13) дыбыс режиссері;
14) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);
15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
16) ұжым (үйірме) басшысы;
17) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
18) музыкалық жетекші;
19) музыкалық әрлеуші;
20) редактор (негізгі қызметтер);
21) режиссер;
22) қоюшы режиссер;
23) хореограф;
24) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
25) барлық мамандықтағы инженер;
26) инспектор;
27) костюмер;
28) жарық аппаратурасы, бейне жазба, дыбыс жазба операторы.