Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашасындағы № 329-VI "Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4530 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 2 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - "Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Индер аудандық мәслихат төрағасы |
А. Рамазанов |