"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" Құрманғазы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 533-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4723 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Құрманғазы аудандық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Калиева |