Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 112 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3180 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |