"Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/316-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 12/173-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 2 қазанда № 6599-13 болып тіркелді

      Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 29/316-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4719 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты жағдайларға байланысты ерекше реттерде Грамотамен наградтау туралы мәселені Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары төрағаларының келісімімен Түркістан облыстық мәслихатының төрағасымен қаралуы және шешілуі мүмкін.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      " 11. Грамотаны Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы немесе ол уәкілдік берген тұлғалар Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Түркістан облысында өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының
міндеттерін уақытша атқарушы
А. Салимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады