Түркістан облыстық мәслихатының "Түркістан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесін бекіту туралы" 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/476-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 13/177-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 қазанда № 6612-13 болып тіркелді

      Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Түркістан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесін бекіту туралы"Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/476-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5382 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, сондай-ақ орталықтандырылмаған су көздерінің ауыз су сапасы өзінің құрамы мен қасиеті бойынша "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес болуы тиіс.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н. Абишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады