"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 14-8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 248 қаулысына қосымша |
Түркістан облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар
№ | Мамандықтар атауы |
1 | Ангиохирургия (ересектер, балалар). |
2 | Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар). |
3 | Балалар онкологиясы және гематологиясы |
4 | Гематология (ересектер) |
5 | Ересектер онкологиясы |
6 | Кардиохирургия (ересектер, балалар) |
7 | Клиникалық фармакология |
8 | Нейрохирургия (ересектер, балалар) |
9 | Неонатология |
10 | Травматология-ортопедия (ересектер, балалар) |
11 | Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар) |
12 | Химиотерапиялық онкология |