"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральды газ құбыры бойында орналасқан "Түркістан" компрессорлық станциясының күзет аймағын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 277 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 6648-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 121-бабына, Қазақстан Республикасының "Магистральдық құбыр туралы" Заңының 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан" компрессорлық станциясының күзет аймағы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Түркістан" компрессорлық станциясының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимi осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 277 қаулысына 1-қосымша

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральды газ құбыры бойында орналасқан "Түркістан" компрессорлық станциясының күзет аймағында орналасқан жер уческелерінің экспликациясы

Жер пайдаланушылар

Кадастрлық номері

Жер көлемі, га

Күзет аймағы түсетін аумағы, га

Жер учаскесінің санаты

1

"Бейнеу-Шымкент Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

19331001033

1,6605

0,64

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

2

"Бейнеу-Шымкент Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

19331001035

2,5860

1,17

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

3

"Бейнеу-Шымкент Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

19331001037

0,3652

0,09

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

4

"Бейнеу-Шымкент Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

19331001038

2,0076

0,89

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

5

"Бейнеу-Шымкент Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

19331001039

0,8719

0,26

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

6

"Бейнеу-Шымкент Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

19331001040

1,5716

0,26

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

7

Амангелдіұлы Ерлан

19331001194

125

1,15

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

8

Амангелдіұлы Ерлан

19331001195

12

2,15

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

9

Ауданның арнайы жер қоры құрамына енгiзiлген жерлер



29,13

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

Барлығы:


146,0628

35,74


  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 277 қаулысына 2-қосымша

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральды газ құбыры бойында орналасқан "Түркістан" компрессорлық станциясының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі

      "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральды газ құбыры бойында орналасқан "Түркістан" компрессорлық станциясының күзет аймақтарында:

      1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;

      2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;

      3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;

      4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

      5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;

      6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;

      7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;

      8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады