Арыс қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8/51-VІІІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 1 қазанда № 22/135-VІІІ шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 2 қазанда № 6604-13 болып тiркелдi

      Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №8/51-VІІІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6368-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".

      7 тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      мынадай мазмұндағы 7 тармақ 13) және 14) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "13) жұмысқа қабілетсіз мүгедектігі бар адамдарға – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      "14) пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға – біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қалалық мәслихат төрағасы К. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады