Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 8/3 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы № 12/4 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 20 ақпанда № 6462-13 болып тіркелді

      Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы №8/3 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №6391-13 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген қағиданың 7-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын.

      15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні:

      Оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге, біржолғы 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Б. Джумабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады