Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 6/41-VIІІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 13/76-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 2 сәуірде № 6508-13 болып тiркелдi

      Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1. Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №6/41-VIІІ "Отырар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешіміне (Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 20 қазанда №6382-13 болып тiркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      5 тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге – бір реттік 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      5 тармақта 2) тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – бір реттік 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      5 тармақта 2) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі Чернобыль АЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға (Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға) – бір реттік 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      6 тармақта 6) тармақша мынадай екінші абзацпен толықтырылсын:

      "әлеуметтік мәні бар ауруларға жатпайтын өте сирек кездесетін аурулармен (ағзадағы тамырлардың тарылуы - "Даун" синдромы) ауыратын мүгедектігі бар адамдарға – бір реттік 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Отырар аудандық мәслихатының төрағасы У. Ұзақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады