Сарыағаш ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16-123-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 29 наурызда № 6501-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына және "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 тіркелген), Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Таскулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады