Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №61/376-VI "Шардара ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5711 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттігін уақытша атқарушы |
Д. Дуйсенов |
Шардара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 шілдедегі №25-129-VII шешіміне қосымша |
|
Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 61/376-VI шешіміне 2- қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:
1. жаппай жерлеу орындарында;
2. теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3. мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4. қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5. магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.