Шардара ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 61-376-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 15 шілдеде № 5711 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шардара ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Шардара қаласындағы "Тәуелсіздік саябағы" айқындалсын.

      2. Шардара қаласында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Абай және Төле Би көшелерінің қиылысынан бастап, Абай көшесінің бойымен, Абай және Майлықожа көшелерінің қиылысына дейінгі аралық бекітілсін.

      3. Шардара қаласында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      5. Шардара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 52-325-VI "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5365 тіркелген және 2020 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      6. "Шардара аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шардара ауданы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шардара ауданы мәслихат аппаратының басшысы Р.Бекмуратовқа жүктелсін.

      8. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Жунускулова
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Муталиев

  Шардара аудандық
мәслихатының 2020
жылғы 24 маусымдағы
№ 61-376-VI шешіміне
1-қосымша

Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшінарнайы орын – Шардара аудандық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.

Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін Арнайы орындардың материалдық-техникалы қамтамасыз етуі


п/п

Арнайы орын атауы

Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі

Шекті толу нормалары

1.

"Тәуелсіздік саябағы"

көше жарығы;
электр энергиясын қосу нүктесі;
бейнебақылау және бейнежазбакамералары;
автотұрақ орны (1 кіру, 1 шығу)

100 адам


      Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/ өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысы мен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:

      -бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;

      -периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;

      -осы Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға;

      -БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесеқоршауменшектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);

      -бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;

      -Абай және Төле Би көшелерінің қиылысынан бастап, Абай көшесінің бойымен, Абай және Майлықожа көшелерінің қиылысына дейінгі шеру бағытымен танысу.

      Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:

      -өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;

      -ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      -санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;

      -бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.

  Шардара аудандық
мәслихатының 2020
жылғы 24 маусымдағы
№ 61-376-VI шешіміне
2-қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 02.07.2024 № 25-129-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:

      1. жаппай жерлеу орындарында;

      2. теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3. мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4. қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5. магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады