Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алатау батыр ауылдық округінің Қазақстан елді мекенінің шекарасына (шегіне) Шардара ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы 15,40 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Алатау батыр ауылдық округінің Қазақстан елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 419,19 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысы мен Шардара аудандық мәслихатының шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысы және Шардара аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шардара ауданының әкімі | А. Карсыбаев |
Аудандық мәслихат төрағасы | Б. Муталиев |