2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 127 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 1 наурызда № 6475-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 17-бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылы Сауран ауданында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ауғанстан соғысының ардагеріне, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Байсбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады