Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/187-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді:
"Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы";
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Қоса берілген "Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидалары бекітілсін."
көрсетілген шешіммен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ЕРЕЖЕСІ" тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді:
"Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидалары";
7 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын алған әрбір адамға тиісті мәслихаттар төрағалары және облыс (қала, аудан) әкімі:
1) куәлік;
2) төсбелгі тапсырады.
Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматының есімі облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматтары кітабына енгізіледі, ол тиісті мәслихатта немесе облыстық (қалалық, аудандық) өлкетану мұражайында сақталады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Рыпаков |