Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы "Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" № 31/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 39/24-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 6898 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы "Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы" № 31/2-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3716 тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда № 12 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:

      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Шығыстар сомасы коммуналдық қызметтерді төлеуге жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы орташа есептеледі.";

      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін осы елді мекенде тұрақты тұратын адамдарға ақы төлеу;

      Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер "Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген коммуналдық қызметтердің тарифтерін, олардың өзгерістерін ұсынады.

      Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары шегінде қызмет көрсетушілердің ұсынған жылудың шығындары есепке алынады. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеу тоқсанының алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Шығыс Қазақстан облысының статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қала бойынша орташа бағалар пайдаланылады.";

      12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "12. Кондоминиум объектісін басқаруды күтіп-ұстауға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, электрмен жабдықтауға, газбен жабдықтауға, лифтілерге қызмет көрсетуге арналған шығыстар өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсандағы орташа болып есептеледі. Сумен жабдықтау, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтері үшін шығыстар қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша ескеріледі.

      Көмір сатып алуға арналған шығындар өтініш берілген тоқсанның алдындағы жылға берілетін шоттар бойынша есепке алынады.";

      23-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы Р. Хисамов
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады