Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Алтай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25020 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 2-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының мәслихат төрағасы | Л. Гречушникова |
Алтай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 19/6-VIII шешіміне қосымша |
|
Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII шешіміне 2-қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар.
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер.
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.
Қандастар.
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
Толық емес отбасылар.