Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/113-VII "Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25081 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімге қосымшаның 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет жергілікті өкілді органдармен бекітілген тәртібінде және 11,3759 (он бір бүтін он мыңнан үш мың жеті жүз елу тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Болаев |