Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 122 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 наурызда № 8969-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындары белгіленсін.

      2. Күршім ауданы әкімдігінің келесі қаулыларың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру туралы" 2011 жылғы 22 қарашадағы № 2329 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-14-145 болып тіркелген);

      2) "Үгіт баспа материалдарын орналастыру туралы" 2011 жылғы 22 қарашадағы № 2329 Күршім ауданы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 105 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3797 болып тіркелген).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі А. Акышов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Күршім ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы

  Күршім ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 122 Қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Күршім ауылдық округі

Күршім ауылы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының "Шабыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында орналасқан стенд, Абылайхан көшесі, № 86

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Ю.А.Гагарин атындағы № 1 Күршім орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Б.Момышұлы көшесі, № 103

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 3 Күршім гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Барақ Батыр көшесі, № 1А

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Духович көшесі, № 20

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 5 Күршім орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, С.Тоқаев көшесі, № 31

"Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Ибежанов көшесі, № 69

Алғабас ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Алғабас орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Абай көшесі, № 37А

Топтерек ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Топтерек бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Абай көшесі, № 50

Балықшы ауылдық округі

Ақсуат ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақсуат негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, М.Егінбайұлы көшесі, № 44

Жолнұсқау ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Жолнұсқау негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Орталық көшесі, № 36

Аманат ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Мөнекей негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Орталық көшесі, № 39

Абай ауылдық округі

Бурабай ауылы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының "Шабыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Бурабай ауылдық клубы ғимаратының алдындағы стенд, Ұлан көшесі, № 36

Теректібұлақ ауылы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының "Шабыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Теректібұлақ ауылдық клубы ғимаратының алдындағы стенд, Мектеп көшесі, № 2

Қойтас ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Қойтас негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Мектеп көшесі, № 13А

Қалғұты ауылдық округі

Қаратоғай ауылы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының "Шабыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Қаратоғай ауылдық клубы ғимаратының алдындағы стенд, С.Мұқанов көшесі, № 19

Б.Момышұлы көшесіндегі № 18/2 "Гүлзада" дүкенінің алдындағы стенд

Егіндібұлақ ауылы

Аққайнар көшесіндегі № 26/1 үйдің алдындағы стенд

Ақши ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақши негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Ақжал көшесі, № 8

Құйған ауылдық округі

Құйған ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Құйған орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Жақиянов көшесі, № 47

Қайыңды ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Қайыңды негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Школьная көшесі, № 1

Қайнар ауылы

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Күршім ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты медициналық пункті ғимаратының алдындағы стенд

Маралды ауылдық округі

Маралды ауылы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының "Шабыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Маралды ауылдық клубы ғимаратының алдындағы стенд, Ш.Уалиханов көшесі, № 58

Үшбұлақ ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Үшбұлақ негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Абай көшесі, № 56

Қыстау-Күршім ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Қыстау-Күршім негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Орталық көшесі, № 46

Сарыөлең ауылдық округі

Сарыөлең ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Школьная көшесі, № 16

Барақ батыр ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Барақ батыр негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Серік Лұқпанов көшесі, № 1

Бірлік ауылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Бірлік негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд, Төле би көшесі, № 6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады