Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
О. Канагатов |
Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 13/9-VIII Шешіммен бекітілген |
Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже
1. Жалпы ереже
1. Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) марапаттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.
2. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша талаптар
2. Құрмет грамотасы:
1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, спорттағы, әскери, құқық қорғау және мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару қызметтерін дамытудағы елеулі жетістіктері, қайырымдылық қызметпен айналысатын және белсенді еңбегі мен қоғамдық саяси қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;
2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту, қоршаған ортаны қорғау, жастарға тәрбие беру бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.
3. Құрмет грамотасымен:
1) Тарбағатай ауданының дамуына қомақты үлес қосқан азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;
2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары марапатталады.
4. Құрмет грамотасымен:
1) марапаттау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар марапаттала алмайды.
5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде ауданның Құрмет грамотасымен марапатталуға екі рет ұсыныла алмайды.
6. Марапаттау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне ойластырылады.
3. Құрмет грамотасының сипаттамасы
7. Құрмет грамотасы сыртқы бетінде алтын түспен Елтаңба белгісі салынған, бас әріппен мемлекеттік тілде "ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ТАРБАГАТАЙСКОГО РАЙОНА" деп жазылған, қосымшасы бар көк түсті папка. Қосымшасы А4 форматындағы тығыз жылтыр қағаздан екі бүктелген түрде типографиялық әдіспен дайындалады.
8. Қосымшаның сыртқы бетіне алтын түспен Елтаңба белгісі салынып, түгелдей бас әріппен мемлекеттік тілде "ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ТАРБАГАТАЙСКОГО РАЙОНА" деп жазылады. Құрмет грамотасы аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдарымен расталады. Берілген уақыты көрсетіледі.
4. Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі
9. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныс тегі, аты,әкеісінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жұмыс орны мен атқаратын луазымы, тиісті ұйымдағы сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша саладағы жалпы еңбек өтілі, жетістіктері және марапаттары мен атақтары туралы көрсетілген мәліметтер аудан әкімдігіне жолданады.
10. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы (тиісті ұйым басшысының қолы және мөрімен) ұсынысты еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді.
11. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және марапаттау жөніндегі ұсыныс әзірленуі үшін марапаттау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.
Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін, атқарушылардың) бірлескен шешімі арқылы Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім қабылданады.
12. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.
13. "Тарбағатай ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ Құрмет грамотасымен марапатталған азаматтардың есебін жүргізеді.