Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 9-11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 ақпанда № 7330-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 33763 болып тіркелген), Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 – қосымшасына сәйкес Орал қаласында тұрғын ұй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2–қосымшасына сәйкес Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е. Калиев

  2024 жылғы 28 ақпандағы № 9-11
Шешіміне 1-қосымша

Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайыз ретінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырмасы айқындалады.

      3. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындауды қызмет көрсетуші – "Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептейді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі-Қағидалар).

      6. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді арттыру бөлігінде байланыс қызметтеріне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығымен бектілген әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр және пайдалы алаңның 18 (он сегіз) шаршы метрден аспайтын, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аумақ нормасы қабылданады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб – порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы Қағидалардың 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды.

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидалардың 2 – қосымшасына көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8–тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қағидалардың 11 – тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын кұжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыға тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.

  2024 жылғы 28 ақпандағы № 9-11
Шешіміне 2-қосымша

      1. Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 4-3 " Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6934 тіркелген);

      2. Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 22-8 "Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 сәуірде бекітілген № 4-3 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31405 тіркелген);

      3. Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-4 "Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 4-3 "Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7249-07 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады