Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 17 маусымдағы № 12-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 маусымда № 7405-07 болып тіркелді

      Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 7247-07 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасына) осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде, табыстарын есепке алмай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде, бір рет;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады