Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Ақжайық ауданы аумағындағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, оларды орналастыру орындарында тәулігіне болу құнының – 0 (нөл) пайыз бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық аудандық маслихат төрағасы | С. Сиражев |