Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7- тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Б.Менешовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөкей ордасы ауданының әкімі | Н. Даумов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасының басшысы
_______________Б.Е.Айтмагамбетов
Бөкей ордасы ауданының әкімі 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 69 қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi
№ | Автомобиль жолының индексі | Автомобиль жолының атауы | Ұзындығы, километр |
1 | КL-ВК-3 | Ұялы ауылына кірме жол | 0,899 |
2 | КL-ВК-1 | Саралжын ауылына кірме жол | 26,281 |
3 | КL-ВК-4 | Бөрлі ауылына кірме жол | 9,081 |
4 | КL-ВК-6 | Бисен ауылына кірме жол | 1,559 |
5 | КL-ВК-8 | Тайғара ауылына кірме жол | 0,944 |
6 | КL-ВК-5 | Мұратсай ауылына кірме жол | 18,517 |
7 | КL-ВК-10 | Жәрмеңке ауылына кірме жол | 13,487 |
8 | КL-ВК-9 | Мәмбет ауылына кірме жол | 3,452 |
9 | КL-ВК-7 | Сайқын-РФ шекарасы автомобиль жолы | 14,854 |
10 | КL-ВК-2 | Сайқын-Шоңай-Молодость автомобиль жолы | 50,389 |