Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкiмдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 232 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 159 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 шілдеде № 7414-07 болып тіркелді

      Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкiмдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 232 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3637 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жаңақала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Кушкинбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Жаңақала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 25 шілдедегі
№ 159
қаулысына қосымша

Жаңақала ауданының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Ауылдық округ атауы

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

Жаңақала

Жаңақала

Халықтар Достығы көшесі 61, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратының сол жағында

С.Сапаров көшесі 2, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Жас туристер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

Д.Нұрпейсова көшесі 35, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Жаңақала колледжі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ғимаратының сол жағында

Болашақ шағын ауданы 27, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "№3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

Бірлік

Бірлік

Тәуелсіздік көшесі 37, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бірлік ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында

Ақбалшық

Ақбалшық көшесі 5, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақбалшық ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында

Үшкемпір

Үшкемпір көшесі 24, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының фельдшерлік пункт ғимаратының оң жағында

Жаңақазан

Жаңақазан

Қ.Мырзағалиев көшесі 2, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

Жуалыой

Ф.Қошқарбаев көшесі 6, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жуалыой ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

Жаңажол

Жаңажол

Ғабдеш Шоқаев көшесі 19/1, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Жаңажол мәдениет үйі ғимаратының оң жағында

Сарыкөл

Сарыкөл көшесі 46Б, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Сарыкөл мәдениет үйі ғимаратының оң жағында

Кіші Айдархан

Кіші Айдархан көшесі 14, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Кіші Айдархан бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

Мастексай

Мастексай

Б.Момышұлы көшесі 1/1, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Мәстексай ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының оң жағында

Мұқыр

М.Сидеғалиев көшесі 22, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

Көпжасар

Көпжасар

Б.Бисекенова көшесі 6, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Көпжасар ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

Салтанат

Салтанат көшесі 15/2, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Салтанат медициналық пункті ғимаратының сол жағында

Саралжын

Саралжын көшесі 4/2, "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапхана ғимаратының оң жағында

Қызылоба

Қызылоба

Құрманғазы көшесі 1, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қызылоба ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

Жангелді

Жангелді көшесі 12, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Жангелді бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

Айтпай

Айтпай көшесі 1, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Айтпай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

С.Мендешев

Қырқопа

Д.Нүрпейсова көшесі 1/3, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қырқопа ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының сол жағында

Пятимар

Пятимар

Абай көшесі 79, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Пятимар ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

Борық

Борық көшесі 42, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Борық бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

Плантация

Қазақ елі көшесі 27, "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапхана ғимаратының оң жағында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады