Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 232 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте № 3637 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Саматовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Л. Хайретдинов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Жаңақала аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________М. Жумалиев
10.09.2014 ж.

      Жаңақала ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 25 шілдедегі
№ 159
қаулысына қосымша

Жаңақала ауданының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 25.07.2024 № 159 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ауылдық округ атауы

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

Жаңақала

Жаңақала

Халықтар Достығы көшесі 61, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратының сол жағында

С.Сапаров көшесі 2, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Жас туристер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

Д.Нұрпейсова көшесі 35, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Жаңақала колледжі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ғимаратының сол жағында

Болашақ шағын ауданы 27, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "№3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

Бірлік

Бірлік

Тәуелсіздік көшесі 37, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бірлік ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында

Ақбалшық

Ақбалшық көшесі 5, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақбалшық ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында

Үшкемпір

Үшкемпір көшесі 24, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының фельдшерлік пункт ғимаратының оң жағында

Жаңақазан

Жаңақазан

Қ.Мырзағалиев көшесі 2, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

Жуалыой

Ф.Қошқарбаев көшесі 6, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жуалыой ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

Жаңажол

Жаңажол

Ғабдеш Шоқаев көшесі 19/1, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Жаңажол мәдениет үйі ғимаратының оң жағында

Сарыкөл

Сарыкөл көшесі 46Б, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Сарыкөл мәдениет үйі ғимаратының оң жағында

Кіші Айдархан

Кіші Айдархан көшесі 14, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Кіші Айдархан бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

Мастексай

Мастексай

Б.Момышұлы көшесі 1/1, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Мәстексай ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының оң жағында

Мұқыр

М.Сидеғалиев көшесі 22, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

Көпжасар

Көпжасар

Б.Бисекенова көшесі 6, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Көпжасар ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

Салтанат

Салтанат көшесі 15/2, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Салтанат медициналық пункті ғимаратының сол жағында

Саралжын

Саралжын көшесі 4/2, "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапхана ғимаратының оң жағында

Қызылоба

Қызылоба

Құрманғазы көшесі 1, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қызылоба ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

Жангелді

Жангелді көшесі 12, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Жангелді бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

Айтпай

Айтпай көшесі 1, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Айтпай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

С.Мендешев

Қырқопа

Д.Нүрпейсова көшесі 1/3, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қырқопа ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының сол жағында

Пятимар

Пятимар

Абай көшесі 79, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Пятимар ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

Борық

Борық көшесі 42, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Борық бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

Плантация

Қазақ елі көшесі 27, "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапхана ғимаратының оң жағында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады