"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Бәйтерек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2022 жылғы 14 қарашасындағы № 22-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30555 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
мәслихат төрағасы | Н. Хайруллин |