Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
мәслихат хатшысы | Н. Хайруллин |
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 қарашадағы №22-2 шешіміне қосымша |
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығысыз) |
1. | Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 199,19 |
2. | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 199,19 |
3. | Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 1 493,89 |
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;