Тасқала ауданында 2025 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 28-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 қарашада № 7447-07 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала ауданында 2025 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Мәслихат төрағасы Ж. Бисенгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады