Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
М. Умралеев |
2024 жылғы 17 маусымдағы № 67 қаулыға қосымша/ |
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Шыңғырлау ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 18 ақпандағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4296 болып тіркелді).
2. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 67 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5115 болып тіркелді).
3. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Шыңғырлау ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2018 жылғы 9 қазандағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5394 болып тіркелді).
4. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 67 "Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 қаулысы.