"Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 қаңтарда № 35631 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Түсім кодтарына түскен арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Арнаулы мемлекеттік қорға" қайтарылған қайтарылған мүлікті өткізуден түсетін ақша" және "Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес "Арнаулы мемлекеттік қорға" басқарушы компанияның меншігіне не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті өткізуден түсетін ақша" түсімдер кодтарына түскен арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қаржыландыру үшін де пайдаланылады.

      Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның өтінішхатын РБК осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес түсімдердің 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшерде жылына 1 (бір) рет қарайды.

      Бұл ретте қаржыландыруды есептеу активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қаржыландырудың соңғы бөлінуінен кейін арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдер сомасынан жүргізіледі.";

      16-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшасы осы бұйрық қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 6 қаңтардағы
№ 03 Бұйрығына
қосымша
  Арнаулы мемлекеттік қор
қаражатын пайдалану және
мониторингтеу қағидаларына
қосымша
  Нысан

Жобаға Әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесін енгізуге өтінішхат

      Орталық мемлекеттік орган/жергілікті уәкілетті орган Арнаулы мемлекеттік қор (бұдан

      әрі – Қор) қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларына сәйкес жобаға

      ____________________________________________________________________

      (әлеуметтік және экономикалық жобалардың атауын көрсету)

      тізбесін енгізуді сұрайды

      Әлеуметтік/экономикалық жобаның негізгі сәйкестендіру сипаттамалары:

      1) сметалық құны _____________ мың теңге;

      2) _______________ № __________ техникалық-экономикалық негіздеменің/жобалау-

      сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысы;

      3) жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша құны _____ мың теңге;

      4) жобалық қуаттылығы _____________орын;

      5) қабаты ____;

      6) ауданы (жалпы, кабинеттер) _________ шаршы метр;

      7) орналасқан жері (мекенжайы) __________________________________;

      8) жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ________________________;

      9) жер учаскесінің ауданы__________________________________.

      Инвестициялық жоба бойынша Қордан қаржыландырудың талап етілетін сомасы

      ______________________________ (сандармен және жазумен) мың теңге.

      Өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      жаңа объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің

      (заңнамада көзделген жағдайларда) және жобалау-сметалық құжаттаманың

      ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы.

      Қосымша: ______________ парақта.

      Орталық мемлекеттік орган басшысы / облыс,

      республикалық маңызы бар қала және астана әкімі ______________________________

                                          (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады