Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 16-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 қаңтарда № 35645 болып тіркелді

      "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды кредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
С. Есимханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрілігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 15 қаңтардағы
№ 16-н/қ бұйрығымен
бекітілген

Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды кредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды кредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылумен жабдықтау жүйелерін салуға, реконструкциялау мен жаңғыртуға бюджеттік кредиттер беру тәртібін айқындайды;

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті соңғы қарыз алушы – өз қызметін жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту саласында жүзеге асыратын, қарыз алушыдан бюджеттік кредит алуға үміткер табиғи монополия субъектісі;

      2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган;

      3) бюджеттік кредит – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында тиісті бюджеттерден кредиторлар беретін ақша;

      4) бюджеттік кредитті нысаналы пайдалануға мониторинг жүргізу және нәтижелерді бағалау бойынша ақпараттық жүйе – бюджеттік кредитті нысаналы пайдалануға мониторинг жүргізу және нәтижелерді бағалау бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      5) жеңілдік кезеңі – бюджеттік кредит мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңі, бұл кезеңде қарыз алушы кредитті өтеуді жүзеге асырмайды;

      6) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жылу энергетикасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу жеткізгішті өндіруге, тасымалдауға және пайдалануға арналған қондырғылар кешені;

      8) инвестициялық жоба – жылумен жабдықтау жүйелерін салуға, реконструкциялау мен жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

      9) кредит беруге арналған кредиттік өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – сенім білдірілген өкіл (агент) берген қорытынды негізінде жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау мен жаңғырту жобаларына бюджеттік кредит беру бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;

      10) кредитор – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;

      11) кредиттік өтінім – жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуге бағытталған құжаттар жиынтығы;

      12) кредиттік шарт – кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қарыз алушы арасында жасалған бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін шарт;

      13) қарыз алушы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;

      14) сенім білдірілген өкіл (агент) – конкурстық негізде айқындалған және бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен тапсырма шартын жасасқан заңды тұлға.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым – сенім білдірілген өкіл (агент) бола алады;

      15) соңғы қарыз алушы – өз қызметін жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту саласында жүзеге асыратын, қарыз алушыдан бюджеттік кредит алатын табиғи монополия субъектісі;

      16) соңғы қарыз алушының төлем қабілеттілігі (кредиттік қабілеттілігі) – соңғы қарыз алушының жоспарлы кезеңде де қаржылық жай-күйін талдауды ескере отырып, бюджеттік кредитті қайтару мүмкіндігі.

2-тарау. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуға, реконструкциялау мен жаңғыртуға бюджеттік кредиттер беру тәртібі

      3. Бюджеттік кредиттеу кейін оны соңғы қарыз алушыға бере отырып, қарыз алушыға бюджеттік кредит беру жолымен жүзеге асырылады.

      4. Бюджеттік кредиттеу процесінде:

      1) кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қарыз алушының;

      2) қарыз алушы мен соңғы қарыз алушының арасында кредиттік шарттар жасалады.

      5. Бюджеттік кредиттер қарыз алушыға мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:

      1) салық берешегінің болмауы;

      2) қарыз алушының бюджеттік кредит жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін жағдайының болуы;

      3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешегінің болмауы.

      6. Қарыз алушы бюджеттік кредиттің қаражатын тек бюджеттік бағдарламада және кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.

      Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау фактілері анықталған кезде кредитор немесе сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз алушыдан кредиттің заңсыз пайдаланылған сомасын кредиттік шартта белгіленген мөлшерде айыппұл ала отырып өндіріп алады.

      7. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.

      8. Бюджеттік кредиттер мынадай критерийлер сақталған кезде беріледі:

      1) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;

      2) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;

      3) қарыз алушының кредиттік қабілеттілігі.

      9. Қарыз алушы кредиттік шарттың бюджеттік кредит алатын тарапы болып табылады, оған кредиттік шартқа сәйкес негізгі қарызды өтеу және сыйақы, сондай-ақ бюджетке басқа да төлемдер төлеу жөніндегі міндеттеме жүктеледі.

      10. Кредиттік шарт бюджеттік кредиттің мынадай негізгі шарттарын қамтиды:

      1) берудің мақсаты (осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес);

      2) комиссияның оң шешімімен айқындалған мөлшері;

      3) ұлттық валюта (теңге);

      4) қарыз алушы бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететін және оны өтейтін уақыт кезеңі бюджеттік кредиттің мерзімі. Бюджеттік кредиттің мерзімі бюджеттік кредиттің қаражатын кредитордың шотынан аударған күннен бастап есептеледі.

      5) бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалана алатын кезеңі;

      6) сыйақы мөлшерлемесі;

      7) негізгі қарызды төлеудің басталу күні.

      Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушы жүзеге асыратын төлем сыйақы болып табылады. Жылдық пайыздар түрінде көрсетілетін сыйақы шамасы сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.

      Бұл ретте кредитордың бөлінген кредиттік қаражатты тиімді және орынды пайдалануға, оларды уақтылы қайтаруға және кредиттік тәуекелдің туындауын барынша төмендетуге негізделген мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бюджеттік кредиттеудің міндетті шарты болып табылады.

      11. Кредиттік шартқа қосымша талаптар:

      1) бюджеттік кредит беру (қарыз алушының төлем құжаттарына ақы төлеу немесе бір мерзімде не аудару графигіне сәйкес бөліп-бөліп немесе Қарыз алушының тиісті құжаттар беруіне қарай қарыз алушының банк шотына аудару) тәсілдерін;

      2) бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мерзімдерін, кезеңділігін белгілейтін бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигін айқындайтын қосымша шарттар да енгізіледі.

      Кредиттік шартта кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспайтын жеңілдік кезеңін беру көзделеді.

      3) соңғы қарыз алушының инвестициялық жобаны іске асыруға, инвестициялық жобаны қаржыландыруға және соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) уақтылы ақпарат ұсынуы;

      4) әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде жұмыс орындарын (уақытша және тұрақты) құруды, желілердегі тозуды, авариялықты, ысырапты азайтуды және тұтынушылардан дебиторлық берешегі жөніндегі ақпарат;

      5) осы Қағидалардың 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтарына сәйкес бюджеттік кредит жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілін айқындайтын талаптар да енгізіледі.

      12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, кредитор мен қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарыз алушы мен соңғы қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалады.

      13. Қарыз алушы оған кредитор айқындаған шарттармен беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы соңғы қарыз алушы болып табылады.

      14. Соңғы қарыз алушы жылумен жабдықтау жүйелерін салуға, реконструкциялау мен жаңғыртуға арналған бюджеттік кредиттің қаражатын пайдаланады.

      15. Соңғы қарыз алушыға бюджеттік кредит беру соңғы қарыз алушыны кредиттеудің мынадай негізгі шарттарына сәйкес жүзеге асырылады:

      1) бюджеттік кредиттерді іріктеуді сенім білдірілген өкіл (агент) дайындаған қорытындының негізінде, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу өлшемшарттарына сәйкес комиссия жүзеге асырады;

      2) соңғы қарыз алушыны айқындау комиссияның алдын ала шешімі негізінде жүзеге асырылады;

      3) бюджеттік кредит осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген мақсаттарға беріледі;

      4) бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындау қамтамасыз етіледі;

      5) кредиттеу мерзімі 20 (жиырма) жылға белгіленеді;

      6) сыйақы мөлшерлемесі жылына 0,01% мөлшерінде белгіленеді;

      7) бірыңғай техникалық саясатты қолдану, оның ішінде энергия тиімділігіне және энергия үнемдеуге бағдарланған жаңа заманауи және инновациялық технологияларды енгізеді, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартатын технологияларды аспаптандырады және қолданады;

      8) жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілер тартылады;

      9) жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде соңғы тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтердің, цифрлық экономика құралдарының сапасын жақсарту, басқарушы компаниялардың корпоративтік басқаруын жақсарту, мәдениетті дамыту және смарт құрылғыларды пайдалану ретінде бизнес-процестерді оңтайландыру және ашықтығы үшін энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеу және интеллектуалды жүйелерді енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      10) кредиттік шарт теңгеде жасалады;

      11) соңғы қарыз алушы қарыз алушы мен соңғы қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шарттың талаптарын сақтайды;

      12) инвестициялық жобаның құжаттары осы Қағидалардың 33, 34, 35, 36 және 37-тармақтарында көзделген тәртіппен сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісіледі;

      13) жылумен жабдықтау жүйелері есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі;

      14) ескі желілерді реконструкциялауға басымдық беріледі;

      15) автоматтандыруды, аспаптандыруды және жаңа технологияларды қолдану;

      16) соңғы қарыз алушының кредиттік қабілеттілігі;

      17) бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалана алатын уақыт кезеңі болып табылатын бюджеттік кредитті игеру кезеңі.

      Бюджеттік кредитті игеру кезеңі кредиттеудің негізгі шарттарын бекіту туралы жыл сайынғы бұйрығына бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен енгізіледі.

      16. Инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеудің орындылығын мыналардың негізінде комиссия айқындайды:

      1) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жобаның жалпы құнына бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындысы;

      2) осы Қағидалардың 38 және 43-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      17. Сенім білдірілген өкіл (агент) осы Қағидалардың 38 және 43-тармақтарында көрсетілген құжаттар топтамасын осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан қарауды жүзеге асырады.

      18. Бюджеттік кредиттеу арқылы іс-шараларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі деп бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған жобаның есептеулерімен расталған дәлелдемелердің, әлеуметтік-экономикалық пайданың болуы түсініледі.

      19. Бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы деп есептеулерімен расталған дәлелдемелердің болуы, бюджеттік кредиттің қайтарымдылығы (негізгі қарызды, сыйақыны, тұрақсыздық айыбын қоса алғанда) түсініледі.

      20. Бюджеттік кредиттің қайтарымдылығын бағалау соңғы қарыз алушылардың ұсынған инвестициялық жобаның қаржылық моделінің және осы Қағидалардың 38 және 43-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      21. Қаржылық жай-күйін бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қаржылық есептілікті, әлеуетті соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйін балдық бағалау және ақпаратты талдау негізінде жүргізіледі.

      Соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйін бағалаудың нәтижелері осы Қағидалардың 44-тармағына сәйкес құжаттар топтамасының құрамында комиссияның қарауына енгізіледі.

      22. Бюджеттік кредит жөніндегі міндеттемелердің орындалуы кепілмен, кепілдікпен, кепілгерлікпен немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 292-бабымен немесе шартта көзделген басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі.

      Соңғы қарыз алушымен кепіл түріндегі қамтамасыз ету таңдалған кезде кепіл заты ретінде мыналар ұсынылады:

      1) бюджеттік кредит жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялауға және жаңғыртуға берілген кездегі соңғы қарыз алушының реконструкцияланған және жаңғыртылған жылжымайтын мүлігі;

      2) бюджеттік кредит жылумен жабдықтау жүйелерін салуға бағытталған кездегі жаңа объект.

      23. Соңғы қарыз алушының кепіл зат ретінде ұсынған реконструкцияланатын немесе жаңғыртылатын жылжымайтын мүлігі қандай да бір ауыртпалықтан бос болуға тиіс.

      Кепіл затын ауыстыруға және (немесе) иеліктен шығаруға, бір кепіл затқа бірнеше бюджеттік кредиттер беруге жол берілмейді.

      24. Банкрот болған, қайта тіркелген және қайта ұйымдастырылған кезде бюджеттік кредит алған ұйым сенім білдірілген өкілге (агентке) хабарлайды.

      25. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді соңғы қарыз алушы жүргізеді.

      27. Бюджеттік кредитке кредиттік өтінімдер түскенге дейін:

      1) қарыз алушы:

      осы Қағидаларға сәйкес әлеуетті соңғы қарыз алушыларға қойылатын талаптарды түсіндіреді;

      бюджеттік кредитке өтінім беру үшін қажет мерзімдер мен құжаттардың тізбесі туралы қарыз алушының ашық көздерінде және (немесе) ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады;

      өтінімдерді қарау тәртібін түсіндіреді;

      бюджеттік кредиттеу шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған кезде соңғы қарыз алушының жауапкершілігі мен ықтимал тәуекелдері туралы түсіндірме береді;

      ұсынылған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді;

      әлеуетті соңғы қарыз алушыға туындаған мәселелері бойынша консультация береді;

      2) сенім білдірілген өкіл (агент):

      қарыз алушы ұсынған әлеуетті соңғы қарыз алушылардың инвестициялық жобаларына алдын ала іріктеу жүргізеді;

      алдын ала іріктелген жобалар бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуға, реконструкциялау мен жаңғыртуға арналған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) уәкілетті органның техникалық саясаты сәйкестігі мәніне келіседі.

      28. Алдын ала іріктеу жүргізу үшін қарыз алушы іске асыру қажеттілігін, басымдығын негіздей отырып, алдағы 3 (үш) жылға арналған инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастырады және сенім білдірілген өкілге (агентке) алдағы жоспарланған жылдың 1 (бірінші) наурызына дейін жібереді.

      29. Қарыз алушы инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастыруы үшін әлеуетті соңғы қарыз алушы қарыз алушыға:

      1) асыру қажеттілігін, басымдылығын негіздей отырып, инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін;

      2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық ерекшелікті (тапсырманы) (болған кезде) ұсынады.

      30. Сенім білдірілген өкіл (агент) алдағы 3 (үш) жылға арналған инвестициялық жобалардың алдын ала ұсынылған тізбесін мынадай өлшемшарттар бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды:

      1) жылумен жабдықтау жүйелерінің авариялығы;

      2) жылумен жабдықтау жүйелерінің оның жалпы санына проценттік қатысы бойынша тозуы;

      3) әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы, оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің санын тұтынушылардың санына, жылумен жабдықтау бойынша жаңа жүйелер салған кезде іске қосылатын объектілердің санына, құрылатын тұрақты жұмыс орындарының санына артуы;

      4) көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар жылумен жабдықтау жүйелерінде есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілуі.

      Сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаларды алдын ала іріктеудің нәтижелері туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісін және қарыз алушыны жазбаша хабардар етеді.

      31. Қарыз алушы сенім білдірілген өкілден (агенттен) жазбаша хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті соңғы қарыз алушыға инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесі бойынша іріктеудің нәтижелері туралы хабарлайды.

      32. Іріктелген инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесі бойынша әлеуетті соңғы қарыз алушы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық ерекшеліктің жобасын әзірлейді.

      33. Бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын әрбір лот бойынша конкурстық рәсімдер бюджетінің жалпы құны 50 миллионнан теңгеден астам болған кезде, әлеуетті соңғы қарыз алушы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін өнім берушіні таңдаған кезде осы Қағидаларға сәйкес сенім білдірілген өкілмен (агентпен) конкурстық құжаттама шеңберінде әзірленетін техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келіседі.

      Конкурстық құжаттама шеңберінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін өнім берушіні таңдау бойынша техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық ерекшелік (тапсырма) түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Әлеуетті соңғы қарыз алушы конкурстық құжаттама бекітілгенге дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін өнім берушіні таңдау бойынша техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді қамтамасыз етеді.

      Конкурстық құжаттама шеңберінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін өнім берушіні таңдау бойынша әлеуетті соңғы қарыз алушы әзірлеген техникалық ерекшелік (оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің талап етілген функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары) инвестициялардың негіздемесіне, бекітілген елді мекеннің бас жоспарына және әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына сәйкес әзірленеді.

      Конкурстық құжаттама шеңберінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін өнім берушіні таңдау бойынша әзірлеген техникалық ерекшеліктің (тапсырманың) жобалау-сметалық құжаттамада қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерге сәйкес келмеуі сенім білдірілген өкіл (агент) тарапынан келісуден бас тартуға негіз болып табылады.

      34. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуі немесе келісуден бас тартуы техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижесі болып табылады, ол екі данада ресімделеді.

      Сенім білдірілген өкіл (агент) әлеуетті соңғы қарыз алушыға келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімнің бір данасын жіберу арқылы оған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.

      35. Техникалық ерекшелік (тапсырма) техникалық-экономикалық негіздемеге (бұдан әрі – ТЭН) және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) сәйкес келмегендіктен оны келісуден бас тартылған кезде әлеуетті соңғы қарыз алушы тиісті шешім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық ерекшелікті (тапсырманы) пысықтайды және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қарауына қайта енгізеді.

      36. Осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісу рәсімін сақтамау бюджеттік кредит беруден бас тартуға негіз болып табылады.

      37. Әлеуетті соңғы қарыз алушы немесе қарыз алушы мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алғанға дейін сенім білдірілген өкілмен (агентпен) технологиялардың, материалдар мен жабдықтардың бірыңғай техникалық саясатқа, автоматтандыруға, цифрландыруға, көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар жылумен жабдықтау жүйелеріндегі есептеу аспаптарына және жылумен жабдықтау жүйелерінің қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған заманауи жабдыққа сәйкестік мәніне ЖСҚ келіседі.

      Жобалау-сметалық құжаттамадағы барлық өзгерістер мен ауытқуларды соңғы қарыз алушы немесе қарыз алушы сенім білдірілген өкілмен (агентпен) алдын ала келісім бойынша жүзеге асырады.

      38. Жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін әлеуетті соңғы қарыз алушы бюджеттік кредитке арналған кредиттік өтінім қалыптастырады және қарыз алушыға қажетті құжаттар топтамасын береді. Бюджеттік кредитке арналған кредиттік өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) бюджеттік кредит алуға арналған құжаттарды қоса бере отырып, бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған титулдық бланкiдегі жеке iлеспе хат;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның паспорты;

      3) мемлекеттік сараптаманың қорытындысы және ресурстық смета;

      4) жылумен жабдықтау схемасы және (немесе) жылумен жабдықтау бойынша инвестициялық негіздеме;

      5) соңғы үш жылдағы бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған әлеуетті соңғы қарыз алушының қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасы.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Аудиторлық қызмет туралы заң) сәйкес міндетті аудитке жататын әлеуетті соңғы қарыз алушы "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес аудиттелген қаржылық есептілікті ұсынады, оның ішінде басқа ұйымдарда қаржылық қатысуы туралы ақпарат, баланс валютасында 10 % және одан да астам баланс баптарының егжей-тегжейлі таратып жазылуы қоса беріле отырып ұсынылады;

      6) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды бекіту туралы бірлескен бұйрығының көшірмесі;

      7) бюджеттік кредитті пайдалану кезінде энергия тиімділік пен ресурс үнемдеудің экономикалық және әлеуметтік тиімділігінің есептеулерімен расталған негіздеме;

      8) өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын берешегі жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiмет;

      9) жылумен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің түсуі туралы ақпарат;

      10) жылумен жабдықтау жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;

      11) сенім білдірілген өкілмен (агентпен) инвестициялық бағдарламаның жобасын ол бекітілгенге дейін техникалық саясат бөлігінде келісімі;

      12) жылумен жабдықтау жүйелерінің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жаңа технологияларды қолдану туралы ақпарат;

      13) көрсеткіштерді қашықтықтан беру функциясы бар жылумен жабдықтау жүйелерінде есепке алу аспаптарының болуы туралы ақпарат.

      39. Қарыз алушы бюджеттік кредит алуға арналған өтінімнің құжаттарын толықтығы мен дұрыстығына тексереді, тіркейді және бюджеттік бағдарлама әкімшісіне осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес толық құжаттар топтамасын жібереді.

      40. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 3 (үш) жұмыс күні ішінде сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушы ұсынған құжаттар топтамасын қоса бере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қараудың қажеттілігі туралы хат жібереді.

      41. Құжаттар топтамасымен бірге бюджеттік кредит алуға арналған өтінім түскеннен кейін сенім білдірілген өкіл (агент) өтінімді тіркейді.

      Өтінімге тіркелген күні және тіркеу нөмірі қойылады.

      42. Сенім білдірілген өкіл (агент) құжаттарды ұсынылған ақпараттың дәлдігіне, толықтығына және дұрыстығына тексереді.

      43. Құжаттардың және растайтын көздерден (ресми статистикалық ақпарат, мемлекеттік органдардың интернет-сайттары, өңірлерді дамытудың бекітілген жоспарлары) алынған ақпараттың негізінде сенім білдірілген өкіл (агент) бірінші басшының (бар болған кезде) не оны алмастыратын адамның қолы қойылған кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.

      Бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін және әлеуметтік маңызын бағалау, оны іске асыру үшін бекітілген өлшемшарттар (100 км үшін авариялар санын және желілердің тозуын төмендету, есепке алудың жетілдірілмеуіне байланысты жылу ысырыптарын, коммерциялық ысырыптарын азайту, коммуналдық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, орталық жылу магистральдарына қосылған тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілердің шаршы метрлерінің саны) бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінім ұсынылады;

      2) мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар (қажет болған кезде) жылумен жабдықтау жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған жобалау алдындағы (ТЭН) және (немесе) ЖСҚ, жобалауға арналған техникалық тапсырманы сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу туралы ақпарат (келісілді немесе келісілмеді);

      3) жылумен жабдықтау жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;

      4) мынадай іс-шаралар өткізу туралы ақпарат:

      жылумен жабдықтау жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде соңғы тұтынушылардың энергия тиімділігі бойынша;

      жылумен жабдықтау жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде соңғы тұтынушылардың ресурс үнемдеуі бойынша;

      5) мыналарды қамтитын өтемділік (қайтарымдылық), қамтамасыз етілу, ақылылық және мерзімділік өлшемшарттары бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді бағалау:

      өтінімнің бюджеттік қаражатты пайдаланудың нысаналы мақсатына сәйкестігінің нәтижелері (сәйкес келеді немесе сәйкес келмейді);

      кредиттеу мерзімінің бюджеттік кредиттер берудің қолданыстағы шарттарына сәйкестігінің нәтижелері (сәйкес келеді немесе сәйкес келмейді);

      кредит сомасы мен ол бойынша ұсынылған қамтамасыз ету сәйкестігінің нәтижелері. Бюджеттік кредиттің сомасы кепілдің құнын ескере отырып айқындалады және кепілдің құнынан асып кетпеуге тиіс;

      әлеуетті соңғы қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша ұсынылған қаржылық есептілікті және болжамды қаржылық модельді ескере отырып, бюджеттік кредиттің өтемділігін (қайтарымдылығын) және ақылылығын тексеру нәтижелері;

      6) жылумен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің түсуі туралы ақпарат;

      7) инвестициялық бағдарламаның жобасын ол бекітілгенге дейін келісу.

      44. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қарау және оны комиссияның қарауына енгізу мерзімі бюджеттік кредит алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      45. Бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қарау мерзімі сенім білдірілген өкіл (агент) тиісті құжаттарды және ақпаратты (жойылған ескертулерді ескере отырып) алған күнінен бастап қайта басталады, алған күні құжатқа жазылады.

      46. Кепіл нысанының жай-күйіне, қайтарымдылығына немесе қажетті құжаттарға қатысты күмәнді жою үшін қарыз алушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша ақпарат ұсынбаған кезде, сенім білдірілген өкіл (агент) келесі жұмыс күні қарыз алушыға құжаттар топтамасын қайтарады.

      47. Қарыз алушының немесе әлеуетті соңғы қарыз алушының анықталған сәйкессіздіктерді жоюын ескере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қолдану мерзімі ол берілген жылдың 15 (он бесінші) сәуірінде аяқталады.

      48. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі кредиттік өтінімдерді іріктеу үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшісі қоғамдық кеңесінің, аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерін қоса алғанда, кемінде 7 (жеті) адамнан тұратын тәуелсіз байқаушгылар кіретін комиссия құрады.

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің басшысы комиссияның төрағасы болып табылады.

      Комиссияның хатшысы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметкерлері қатарынан айқындалады. Комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      Комиссияның хатшысы комиссияның отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын белгілейді, комиссияның мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.

      Комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      Комиссияның мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі болса, отырысқа қатыспайды және бас тартуға тиіс (өздігінен бас тартады).

      Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (бас тартуы) туралы шешімді Комиссияның отырыстарға қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және комиссияның мүшелері қатысып отырғанда жария етеді.

      49. Сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредит алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін келесі жұмыс күнінде комиссияның хатшысына комиссияның алдағы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жобаның жалпы құнына бюджеттік кредит беру мүмкіндігі (беруден бас тарту) туралы қорытынды ұсынады.

      50. Комиссияның алдын ала шешімін қабылдау және ресімдеу тәртібі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша комиссия отырысының хаттамасы ресімделеді, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Бұл ретте комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме хаттамаға комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қойған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады және оны комиссияның хатшысы сенім білдірілген өкілге (агентке) береді.

      51. Комиссия бюджеттік кредит беру туралы алдын ала шешім қабылдаған кезде сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.

      Бюджеттік кредит беру туралы алдын ала шешім болғанда комиссияның хаттамасында бюджеттік кредит берудің шарттарын (бюджеттік кредиттің сомасы, беру мерзімі, сыйақы ставкасы, жеңілдік кезеңі, негізгі қарызды өтеу шарттары және сыйақы төлемдері, қамтамасыз ету түрі) көрсете отырып, оны беру туралы ұсыным көрсетіледі.

      52. Қарыз алушы сенім білдірілген өкілден (агенттен) комиссияның алдын ала шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті соңғы қарыз алушыға комиссияның бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы алдын ала шешімі туралы хабарлама жібереді.

      53. Комиссия бюджеттік кредит беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде сенім білдірілген өкіл (агент):

      1) комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға комиссияотырысының хаттамасынан үзіндісі бар бюджеттік кредит беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді;

      2) қарыз алушының немесе әлеуетті соңғы қарыз алушының жазбаша талабы бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінішті қоспағанда, олар ұсынған құжаттарды қайтарады. Бұл ретте, сенім білдірілген өкіл (агент) ресімдеген материалдар (есептер, сауалдарға жауаптар) қарыз алушыға немесе әлеуетті соңғы қарыз алушыға берілмейді. Қайтарылған құжаттардан көшірмелер жасалуға және бюджеттік кредит алуға арналған өтінім жөніндегі құжаттар жинағына тігілуге тиіс.

      54. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі комиссияның алдын ала шешімін ескере отырып, қарыз алушыға бюджеттік кредит беруге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясы шешім қабылдауы үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      55. Әлеуетті соңғы қарыз алушы осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қарыз алушы болады және қарыз алушымен кредиттік шарттың көшірмесін сенім білдірілген өкілге (агентке) жібереді.

      Толық көлемде қаржыландырылмаған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік кредитті одан әрі бөлу сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бұрын жобаның жалпы құнына берген қорытындысы бойынша жүзеге асырылатын болады.

      56. Сенім білдірген өкіл (агент) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдалануға мониторинг жүргізу және нәтижелерді бағалау үшін, соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйінің, инвестициялық жобаны іске асырудың және қаржыландырудың мониторингін қамтитын бюджеттік кредитті нысаналы пайдалануға мониторинг жүргізу және нәтижелерді бағалау бойынша ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) болуын қамтамасыз етеді.

      Сенім білдірген өкіл (агент) кредиторға, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне, қарыз алушыға және соңғы қарыз алушыға ақпараттық жүйеге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сенім білдірген өкіл (агент) ұсынатын соңғы қарыз алушылардың кредиттің аударылған сомаларын игергені туралы растайтын құжаттарға сәйкес соңғы қарыз алушылардың кредиттің аударылған сомаларын игеруіне бақылау мен мониторинг жүргізеді.

      Қарыз алушы өз кезегінде сенім білдірген өкілге (агентке) соңғы қарыз алушылардың кредиттің аударылған сомаларын толық игергені туралы растайтын құжаттарды ұсынады.

      Бюджеттік кредиттердің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуына және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуына сенім білдірген өкілдің (агенттің) ақпараттық жүйесін пайдалана отырып бақылауды жүзеге асырылады.

      57. Бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу және нәтижелерін бағалау мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы және сенім білдірілген өкіл (агент) ақпараттық жүйені пайдаланады.

      58. Жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту саласындағы бюджеттік кредиттеу кезінде инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін сенім білдірілген өкіл (агент) мамандандырылған инжинирингтік компанияны немесе аттестатталған сарапшыны тарта отырып, тапсырма шартының шеңберінде жүргізеді.

      59. Осы Қағидаларға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторингке соңғы қарыз алушылар жатады.

      60. Сенім білдірілген өкіл (агент) мен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің арасында тапсырма шарты жасалады.

      Сенім білдірген өкілмен (агентпен) жасалатын тапсырма шарты – оның нысаналы мақсаты бойынша бюджеттік кредиттің пайдаланылуын және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйесі болған кезде ғана жасалады.

      61. Тапсырма шартында бюджеттік кредит беру шарттарына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және оның есебінен жүзеге асыратын өкілеттіктер айқындалады.

      Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсететін қызметіне ақы төлеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсететін қызметі құнының есебіне сәйкес жүзеге асырылады.

      62. Соңғы қарыз алушы инвестициялық жобаларды іске асырудың барысына мониторинг жүргізу үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат ұсынады.

      Жобаны іске асыру кезінде барлық өзгерістер мен ауытқуларды, сондай-ақ материалдар мен жабдықтарды ауыстыруды соңғы қарыз алушы немесе қарыз алушы сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

      Соңғы қарыз алушы тоқсанына кемінде бір рет сенім білдірілген өкілге (агентке) жаңа технологияларды қолдану, аспаптандыру және автоматтандыру жөнінде ақпаратты ұсынады.

      63. Жылумен жабдықтау жүйелерін салудың, реконструкциялаудың және жаңғыртудың барысы туралы ақпаратты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйым ай сайын қалыптастырады және инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы есеп түрінде сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынады.

      64. Инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы есеп есепті кезеңнен кейінгі айдың 6 (алтыншы) күнінен кешіктірмей ұсынылады.

      65. Осы есеп әрбір кезеңде инвестициялық жобаны іске асыру графигіне сәйкес фото және бейнематериалдардан, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы жазбаша есептен тұрады.

      66. Инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты соңғы қарыз алушы ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта және қағаз жеткізгіште мынадай мерзімдерде ұсынады:

      есепті ай үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірмей.

      67. Сенім білдірілген өкіл (агент) соңғы қарыз алушы ұсынған инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, жинақтауды және талдауды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы жиынтық есеп қалыптастырады және оны мынадай мерзімдерде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады:

      есепті тоқсан үшін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 (жиырмасыншы) ақпанынан кешіктірмей.

      68. Сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымнан инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұратады.

      69. Егер инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізудің барысында сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаларды іске асырған кезде жол берілген бұзушылықтар және (немесе) ауытқулар фактілерін анықтаған кезде, сенім білдірілген өкіл (агент) жиынтық есеппен бірге анықталған бұзушылықтар және (немесе) ауытқулар фактілері не соңғы қарыз алушының инвестициялық жобалардың объектілеріне қол жеткізуге кедергі келтіру фактілері туралы хабарлама жасайды және оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.

      70. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жиынтық есебі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне электрондық форматта және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қағаз жеткізгіште ұсынылған жиынтық есебіне сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.

      71. Сенім білдірілген өкіл (агент) объектілерді көзбен шолып тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру мақсатында жарты жылда бір реттен сиретпей объектілерге шығуды жүзеге асырады.

      72. Объектілерге көзбен шолып тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру түрде фото және бейнетүсірілім құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      Инвестициялық жобалардың объектілеріне жоспарлы және жоспардан тыс бару кезінде соңғы қарыз алушы, техникалық қадағалау, мердігер ұйымы немесе тапсырыс беруші сенім білдірілген өкілге (агентке) сұратылған құжаттаманы береді.

      73. Егер инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторингтің қорытындылары бойынша ұйымның-орындаушының өз міндеттемелерін тиісті орындамау және (немесе) тиісті орындамау мүмкіндігі бар екеніне негіз болатын фактілер анықталатын болса, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) объектілерге көзбен шолып тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру мақсатында объектіге жоспардан тыс баруы жүзеге асырылады.

      74. Объектілерді көзбен шолып тексеру жүргізудің және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру қорытындылары бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күні ішінде растайтын фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып, объектіні нақты тексеру (байқау) туралы есеп жасайды және бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.

      75. Инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру үшін сенім білдірілген өкіл (агент) ақпараттық жүйе арқылы мониторингті жоспарлауды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның әкімшісін жүргізілетін мониторингтің нәтижелері туралы хабардар етуді::

      бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу графиктерін әзірлеу;

      мониторинг жүргізуге жауапты тұлғаларды тағайындау;

      қашықтықтан мониторинг жүргізу;

      талдамалық құралдарды қолдана отырып, мониторинг пен анықталған ауытқулар мен бұзушылықтардың нәтижелерін тіркеу және талдау;

      рәсім тәуекелдерінің бейінін енгізу;

      осы Қағидалардың 70-тармағына сәйкес мониторинг қорытындылары бойынша есептерді ресімдеу арқылы жүзеге асырады.

      76. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторинг соңғы қарыз алушының инвестициялық жобаларын қарыз алушының қаржыландырудың барысы туралы ақпаратты ұдайы жинауды, жүйеге келтіруді, талдауды және қорытындылауды қамтиды.

      77. Мониторинг инвестициялық жобаларды қаржыландырудың барысы туралы жиынтық есеп қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

      78. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті сенім білдірілген өкіл (агент) жүргізеді.

      79. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру мақсатында сенім білдірілген өкіл (агент) соңғы қарыз алушылардан мониторинг жүргізуге қажетті ақпаратты, мәліметті және құжаттаманы сұрайды және алады.

      Соңғы қарыз алушылар инвестициялық жобаларды қаржыландыруға дұрыс және объективті мониторинг жүргізуге қажетті барлық ақпаратты осы Қағидаларда, сондай-ақ қарыз алушы мен соңғы қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шарттың талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынады.

      80. Соңғы қарыз алушының мониторинг жүргізуге қажетті ақпаратты сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынуы жөніндегі міндеті қарыз алушы мен соңғы қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шартта көзделеді.

      81. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторинг мынадай іс-шараларды ұдайы жүргізуді болжайды:

      1) бюджеттік кредит қаражатының қарыз алушыдан соңғы қарыз алушыға түсу графиктерінің сақталуына мониторинг;

      2) бюджеттік кредит қаражатын соңғы қарыз алушылардың игеруіне мониторинг;

      3) бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету графиктерін соңғы қарыз алушылардың сақтауына мониторинг.

      82. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру үшін соңғы қарыз алушылар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты сенім білдірілген өкілге (агентке) жібереді.

      83. Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты соңғы қарыз алушылар ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта және қағаз жеткізгіште мынадай мерзімдерде:

      есепті ай үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

      84. Сенім білдірілген өкіл (агент) соңғы қарыз алушы ұсынған бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты жинауды, жинақтауды және талдауды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) жиынтық есеп қалыптастырады және оны мынадай мерзімдерде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады:

      есепті тоқсан үшін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 (жиырмасыншы) ақпанынан кешіктірмей.

      85. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жиынтық есебі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне электрондық форматта және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қағаз жеткізгіште ұсынылған жиынтық есебіне сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.

      86. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мониторингін жүзеге асыру үшін сенім білдірілген өкіл (агент) ақпараттық жүйе арқылы бюджеттік кредиттің түсу, игеру және өтеу барысын бақылауды:

      қаражатты нысаналы пайдалану мониторингі бойынша тұрақты есептілікті қалыптастыру;

      кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі үшін талдамалық есептерді дайындау;

      инвестициялық жобаны қаржыландыру барысы туралы ақпаратты жүйелі түрде жинау, жүйелеу, талдау және жинақтау арқылы жүзеге асырады.

      87. Осы Қағидаларға сәйкес кредиттік шартта белгіленген кредит беру мерзімі ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бюджеттік кредит алған соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.

      88. Соңғы қарыз алушылардың қаржылық жағдайдың мониторингі базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызметінің, саласының түрлері, бәсекелестері мен нарықтары, нормативтік құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты талдаудан (қаржылық есептіліктің) тұратын соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйін талдауды қамтиды.

      89. Соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг соңғы қарыз алушының қаржылық есептілігіне деңгейлес және сатылай талдау арқылы жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша соңғы қарыз алушының қаржы-экономикалық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасалады.

      90. Соңғы қарыз алушылар қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген өткен екі жыл үшін және есепті жыл үшін жедел аудиттелген жылдық қаржылық eceптіліктің (жеке және шоғырландырылған) мынадай түпнұсқасын ұсынады:

      1) бухгалтерлiк баланс;

      2) кірістер мен шығыстар туралы есеп;

      3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

      4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;

      5) қаржылық есептілікке түсiндiрме жазба;

      6) дебиторлық және кредиторлық берешекті толық ашып көрсету (дебитордың және кредитордың атауын, соманы, мақсатын, төлем мерзімдерін көрсете отырып);

      7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді толық жазып көрсету (негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді топтар бойынша бөліп көрсете отырып);

      8) тауар-материалдық қорларды толық ашып көрсету (сатыларға бөле отырып: жылдық өнім, шикізат және материалдар, атауын, бағасын және ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, аяқталмаған даму);

      қызмет түрлері, тұтынушылар топтары және осы тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі бойынша бөліп көрсете отырып, тарифтердің барлық түрлерін қамтитын операциялық көрсеткіштер;

      9) өткен кезеңдер үшін соңғы қарыз алушының аудиторлық есебі және аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі (егер соңғы қарыз алушы "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудит жүргізуге жататын болса).

      91. Есепті жыл үшін жедел жылдық есептілікке тұтынушылардан жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлемдердің түсуі туралы ақпарат қосымша ұсынылады.

      92. Соңғы қарыз алушыларды ң қаржылық жай-күйіне мониторинг соңғы қарыз алушылардың қаржылық коэффициенттерін осындай кредиттер алған басқа соңғы қарыз алушының осындай көрсеткіштерімен және жалпы салалар бойынша деректермен салыстыру арқылы жүргізіледі.

      93. Қаржылық коэффициенттер соңғы қарыз алушылардың қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің арақатынасын қамтиды.

      94. Қаржылық коэффициенттерді соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйінің көрсеткіштерін негізге ала отырып, сенім білдірілген өкіл (агент) жылына бір рет есептейді. соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізген кезде сенім білдірілген өкіл (агент) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қаржылық коэффициенттерді қолданады.

      95. Соңғы қарыз алушылардың төлем қабілетін талдау ұсынылған көрсеткіштердің негізінде анықталған қаржылық коэффициенттерді осы субъектілердің, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттер бойынша соңғы қарыз алушылардың өткен кезеңдердегі ұқсас коэффициенттерімен, сондай-ақ осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы жүргізіледі.

      96. Сенім білдірілген өкіл (агент) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 (отызынышы) маусымынан кешіктірмей соңғы қарыз алушылардың қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелерін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және кредиторға ұсынады.

      97. Әлеуетті төлем қабілеті жоқ соңғы қарыз алушы анықталған кезде сенім білдірілген өкіл (агент) бұл туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және кредиторға хабарлайды және бюджеттік кредитті қайтармау жағдайының алдын алу үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

      98. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенім білдірушінің) тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімiнде № 9934 болып тіркелген) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес берешекті өндіріп алуды орындайды.

      99. Соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру үшін сенім білдірілген өкіл (агент) ақпараттық жүйе арқылы бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуына:

      осы Қағидалардың 88, 89, 90 және 91-тармақтарында көрсетілген кредиттің мәлімделген мақсаттарының және соңғы қарыз алушы ұсынған құжаттардың сәйкес келуін тексеру;

      қаржылық ақпаратты және соңғы қарыз алушының есептерін талдау;

      нақты деректерді соңғы қарыз алушының жоспарлы көрсеткіштерімен салыстыру;

      соңғы қарыз алушы ұсынған құжаттар мен мәліметтер негізінде нысаналы пайдаланбау тәуекелдерін анықтау арқылы талдау жасайды.

      100. Ақпараттық жүйе арқылы бюджеттік кредиттеудің нысаналы пайдаланылуын мониторингін жүргізу тәртібі мыналарды:

      1) кредиттің мәлімделген мақсаттары мен ұсынылған құжаттардың сәйкестігін автоматтандырылған тексеруді, қарыз алушының қаржылық ақпараты мен есептерін талдауды, нақты деректерді жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруды және тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мақсатсыз пайдалану тәуекелін анықтауды қамтитын бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын талдауды;

      2) тексеру нәтижелеріне талдау жүргізу және бұзушылықтарды анықтау түріндегі нәтижелерді өңдеу, тексеру қорытындылары бойынша есептерді ресімдеу, анықталған бұзушылықтар және оларды жою мерзімдері туралы қарыз алушыларды хабардар етуді;

      3) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі түзету іс-қимылдарын, қарыз алушылардың түзету іс-қимылдарының орындалуын бақылауды және қажет болған кезде қайта тексерулерді;

      4) кредиттерді нысаналы пайдалану мониторингі бойынша тұрақты есептілікті қалыптастыру түріндегі есептілікті және ішкі және сыртқы мүдделі тараптар үшін талдамалық есептерді дайындауды;

      5) мониторингтің ақпараттық жүйесі жұмысының тиімділігін бағалау шеңберінде жүйені талдауды және жақсартуды, алынған деректер мен пайдаланушылардың пікірлері негізінде жүйеге жақсартулар мен жаңартуларды енгізуді, сондай-ақ қызметкерлерді мониторингтің жаңа әдістері мен технологияларына оқытуды;

      6) ақпараттық жүйеде кредиттер, тексерулер және есептер туралы деректерді архивтеуді, сақтауды және деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуді көздейтін деректерді сақтауды қамтиды.

  Жылумен жабдықтау жүйелерін
салуды, реконструкциялау мен
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

Қаржылық есептілікті, әлеуетті соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйін балдық бағалауды және өзге қолайлы ақпаратты талдау

      1. Қаржылық есептілікті деңгейлес және сатылай талдаудың мақсаты бухгалтерлік баланстың негізгі баптарында, кірістер мен шығыстар есебінде, ақша қаражаттың қозғалысы туралы есепте болған өзгерістерді ұсынуға негізделген.

      Деңгейлес (уақытша) талдау соңғы үш есептік кезеңде әлеуетті соңғы қарыз алушылардың мен соңғы қарыз алушылардың деректерін салыстырма және абсолютті түрде салыстыруға және есептіліктің жекелеген баптарының өзгеру үрдістерін немесе олардың топтарын анықтауға негізделген. Деңгейлес талдау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (бұдан әрі – Қаржы министрлігінің бұйрығы) бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімiнде № 15384 болып тіркелген) қаржылық есептіліктің мынадай нысандары: "Бухгалтерлік баланс", "Пайда мен шығындар туралы есеп" және "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп" бойынша жүргізіледі.

      Сатылай (құрылымдық) талдау жалпы жиынтық көрсеткіште есептіліктің жекелеген баптарының үлестік салмағы анықтауға және алынған деректерді өткен кезеңдегі деректермен салыстыруға негізделген. Сатылай талдау Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген қаржылық есептіліктің мынадай нысандары бойынша: "Бухгалтерлік баланс" және "Пайда мен шығындар туралы есеп" жүргізіледі.

      2. Коэффициенттік талдау әлеуетті соңғы қарыз алушының және соңғы қарыз алушының қаржылық есептілігін осындай коэффициенттің нормативтік мәндеріне сәйкестігі (ауытқуы) тұрғысынан қаржылық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) жинақтаудың көмегімен зерделеуге және олардың динамикадағы өзгеруіне негізделген.

      Коэффициенттік талдау жүргізу үшін әлеуетті соңғы қарыз алушының мен соңғы қарыз алушының қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан деректер алынады.

      3. Өтімділік коэффициенттері – әлеуетті соңғы қарыз алушының және соңғы қарыз алушының қолданыстағы ағымдағы (айналымдағы) активтердің есебінен ағымдағы берешектерін өтеу қабілеттігін айқындау үшін есептелетін қаржылық көрсеткіштер. Бұл ретте әлеуетті соңғы қарыз алушының және соңғы қарыз алушының ағымдағы берешектерінің және осы берешектерді өтеуді қамтамасыз етуі тиіс оның айналымдағы қаражатының мөлшерін салыстыру жүргізіледі.

      Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Сurrent ratio, CR) әлеуетті соңғы қарыз алушының мен соңғы қарыз алушының қолда бар айналымдағы қаражаты есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымдағы орындау қабілеттігін сипаттайды. Мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы:

      CA – ағымдағы активтер;

      CL – ағымдағы міндеттемелер.

      CR мәні: Жоғары> 0,25. Мәні< 0,25 болса, төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін екендігін куәландырады.

      4. Қаржылық тәуелсіздік қабілеті (Equity to total assets, EtTA) авансталған қаражаттың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні артық болған сайын қаржылық жағынан неғұрлым тұрақты және сыртқы кредиторлардан тәуелсіз кәсіпорын. Мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы:

      EC – меншікті капитал;

      TA – активтер сомасы.

      Осы көрсеткіштің мәні 0,5 кем емес.

      5. Дебиторлық берешектің қайтарымдылық кезеңі (Receivablescollectionperiod) – қарызды жинау үшін талап етілген күннің ішінде орташа есеппен дебиторлық берешектің неше рет айналғандығын көрсетеді.

     


      мұндағы:

      RCP – дебиторлық берешекті жинау кезеңі;

      Осы көрсеткіштің мәні 60 күннен аспауға тиіс.

      6. Кредиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (Payablescollectionperiod) – компания өзінің қарызын төлейтін күннің ішінде орташа есеппен кредиторлық берешектің неше рет айналғандығын көрсетеді.

     


      мұндағы:

      PCP – кредиторлық берешекті жинау кезеңі;

      Осы көрсеткіштің мәні 180 күннен аспауға тиіс.

      7. Әлеуетті Соңғы қарыз алушының қаржылық жай-күйін балдық бағалау:

Көрсеткіштің атауы

Бағалау

Ұсынылатын балдар

Ескертпе

Жалпы пайданың нормасы

0≥-20%

10

Жалпы пайданың нормасы = жалпы пайда (шығын)/өткізгеннен түскен түсім*100%.

0≥-30%

7

0≥-45%

5

0≥-60%

0

Таза пайданың нормасы

0≥-20%

10

Таза пайданың нормасы = таза пайда(шығын)/өткізгеннен түскен түсім*100%.

0≥-30%

7

0≥-45%

5

0≥-60%

0

Төлемдердің жиналуы

0≤90%

15

Төлемдердің жиналуы кәсіпорын қызметіне әсер етеді.

0≤80%

10

0≤70%

5

0≤60%

0

Әлеуметтік-экономикалық негіздеме

Әлеуметтік маңызы және экономикалық тиімділігі көрсетілген негіздеме

10

Көп пәтерлік және жеке тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, тұтынушылардың болуы.

10

Ақшалай мәндегі экономикалық тиімділік.

5

Нақты мәндегі экономикалық тиімділік (м3, Гкал, кВт/сағ).

ЕДБ бойынша кредиттік тарихы

Берешектің болмауы туралы банктен анықтама

20


Нұрлы жол бойынша кредиттік тарихы

Мерзімі өтуінің және берешектің болмауы

20


      Ескертпе: әлеуетті соңғы қарыз алушының және соңғы алушының қаржылық жай-күйін бағалау бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша балдық бағалау қаралатын болады, оның негізінде бюджеттік кредитті беру (бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.

      Өту баллы – кемінде 70.

  Жылумен жабдықтау
жүйелерін салуды,
реконструкциялау мен
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Инвстициялық жобаның паспорты

Жобаның атауы


Бюджеттік кредитке арналған өтінім бойынша ілеспе хаттың деректемелері (тіркелген күні және тіркеу нөмірі, өтінімге қол қойған Қарыз алушының уәкілетті адамының Т.А.Ә.)


Бюджеттік кредиттің сомасы, мың теңге


Бюджеттік бағдарлама

Қарыз алушы


Нөмірі


Атауы


Шығыстардың жалпы сомасы, мың теңге


Соңғы қарыз алушы (табиғи монополиялар субъектісінің атауы)


Жоба бойынша ақпарат

№ р/с

Іс-шараның атауы

Құны, барлығы,
мың теңге

оның ішінде іске асыру жылдары бойынша

20ХХ

20ХХ+1

20ХХ+n

1






...











Бюджеттік кредиттің мерзімі


Бюджеттік кредит бойынша сыйақы ставкасы


Бюджеттік кредит бойынша қамтамасыз ету


Объектіні салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жаңғырту орны


Жоба бойынша қосымша ақпарат, оның ішінде инвестициялық жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік-экономикалық тиімділік


Қарыз алушының өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болған кезде)


Қарыз алушының құрылымдық бөлімшесінің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

Ұялы телефон

қалалық телефон



Факс


Электрондық пошта


Соңғы қарыз алушының (табиғи монополиялар субъектісінің) өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болған кезде)


Құрылымдық бөлімшенің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

ұялы телефон

қалалық телефон



Факс


Электрондық пошта


Қосымша ақпарат


  Жылумен жабдықтау
жүйелерін салуды,
реконструкциялау мен
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
3-қосымша

Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды кредиттеген кезде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын есептеу

      1. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құны жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ұйымның бекітілген тиісті жылға арналған даму жоспарының негізінде жыл сайын қайта қаралады.

      2. Көрсетілетін қызмет құнын айқындау тәртібі:

      Жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ұйымның көрсетілетін қызметінің құны:

      1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағатқа алғандағы құны;

      2) көрсетілетін қызмет құнының есебі үшін айқындалған табыс нормалары;

      3) еңбек шығынының нормалары;

      4) Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлердің саны негізінде айқындалады.

      3. Бір адам-күнге алғандағы жоспарлы құны мына формуланың негізінде есептеледі:

     


      мұнда:

      ЖҚбір – бір адам-күн сағатының жоспарлы құны, адам-сағат мың теңге;

      ЖШ – қызмет көрсетуге байланысты жоспарлы шығын, мың теңге;

      саны – жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту ұйымының өндірістік және әкімшілік персоналының жиынтық штат саны, адам;

      КК – жоспарланған кезеңдегі жыл ішіндегі күнтізбелік күндер саны, күндермен алғанда (жұмыс уақыты балансына сәйкес 40 сағаттық апта кезінде);

      ТН – табыс нормасы, пайызбен алғанда.

      4. Тиісті кезеңдегі жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту ұйымындағы табыстың жоспарлы нормасы.

      5. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын айқындау:

      Жылумен жабдықтау жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту ұйымының сенім білдірілген өкілі (агенті) ретінде көрсетілетін қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:

     


      мұнда:

      ҚҚ – көрсетілетін қызмет құны, мың теңге;

      ЖҚбір – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;

      С – осы қызметті көрсетуге қатысатын қызметкерлердің саны;

      УН – уақыт нормасы, адам-сағатпен алғанда.

  Жылумен жабдықтау жүйелерін
салуды, реконструкциялау
мен жаңғыртуды
кредиттеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Ұсынылады: Бюджеттік бағдарламаның әкімшіге

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

      интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ИЖІ

      Кезеңділік: ай сайын

      Есептік кезең 20___ жыл ____________

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды

      ұсынатын тұлғалар тобы: қарыз алушы, соңғы қарыз алушы, сенім білдірілген өкіл (агент)

      Соңғы қарыз алушының атауы: ___________________________________

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 20-шы (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

      Соңғы қарыз алушының ЖСН/БСН: __________________

      Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде

      Соңғы қарыз алушының Әкімшілік-аумақтық объектілері сыныптаушының коды: _____________

Жобаның атауы

ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге

Жобаны іске асыру кезеңі

ТЭН және ЖСҚ сәйкес нақты алғанда жұмыстың көлемі (іс-шаралар, құрауыштар)

жұмысты бастау мерзімі

жұмысты аяқтау мерзімі

Орын
далған жұмыстар дың қысқаша сипат
тама сы, жұмыстар дың орын
далмау себеп
тері

іс-шара ның атауы

ЖСҚ бойынша құрауыш тың атауы

Өспелі қорытын дысымен нақты орындау

ҚМЖ графигіне сәй
кес жос
пар

факт

ҚМЖ графигіне
сәйкес жоспар

факт


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

111

12

      Атауы: ______________________

      Мекенжайы: __________________

      Телефоны: ____________________

      Электрондық пошта мекенжайы: ___________________________________

      Орындаушы: ____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) байланыс телефоны

      Басшы: _________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) байланыс телефоны

      Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.

  "Инвестициялық жобаларды
іске асыру барысы туралы
ақпарат" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны (бұдан әрі – Нысан) Инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы сапалы ақпаратты ұсыну мақсатында әзірленеді.

      2. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

      "№" 1-бағанында нөмір тәртіппен көрсетіледі. Келесі ақпарат ретімен нөмірленуі керек;

      "Жобаның атауы" 2-бағанында жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік және (немесе) ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

      "ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге" 3-бағанында жобаның жалпы құны жобалау-сметалық құжаттама бойынша (жобалық-іздестіру жұмыстарын ескере отырып) мемлекеттік және (немесе) ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі;

      "Жобаны іске асыру кезеңі" 4-бағанында жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік және (немесе) ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрылыс басталғаннан бастап аяқталғанға дейінгі кезеңі, жылдармен, көрсетіледі;

      "Іс-шараның атауы" 5-бағанында жоба бойынша жұмыстардың атауы жобалау-сметалық құжаттамаға (реконструкция және (немесе) салу) мемлекеттік және (немесе) ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі;

      "ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы" 6-бағанында желілер мен объектілерді реконструкциялау және (немесе) салу бойынша жоспарланған жұмыстар, атап айтқанда: жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы, қазандықтар, сорғы станциялары, орталықтандырылған жылу пункттерінің саны көрсетіледі;

      "Өспелі қорытындысымен нақты орындау" 7-бағанында 6-бағанда көрсетілген нақты орындалған жұмыстар көрсетіледі;

      "Жұмысты бастау мерзімі", "ҚМЖ графигіне сәйкес жоспар", "факт" 8-бағанында жұмысты бастаудың жоспарланған мерзімі көрсетіледі;

      "Жұмысты аяқтау мерзімі", "ҚМЖ графигіне сәйкес жоспар", "факт" 9-бағанында жұмыстың нақты аяқталу мерзімі көрсетіледі;

      "Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстардың орындалмау себептері" 10-бағанында есепті айда орындалған жұмыстың көлемі, сондай-ақ сот талқылауы, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты қайтадан жариялау, құрылыс-монтаждау жұмыстары графигінен кешігу сияқты проблемалық мәселелер (орын алған кезде) көрсетіледі.

  Жылумен жабдықтау
жүйелерін салуды,
реконструкциялау мен
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Ұсынылады: Бюджеттік бағдарламаның әкімшіге

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

      интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-БКТИ

      Кезеңділік: ай сайын

      Есептік кезең 20___ жыл ____________

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды

      ұсынатын тұлғалар тобы: қарыз алушы, соңғы қарыз алушы, сенім білдірілген өкіл (агент)

      Соңғы қарыз алушының атауы: ___________________________________

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 20-шы (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

      Соңғы қарыз алушының ЖСН/БСН: __________________

      Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде

      Соңғы қарыз алушының Әкімшілік-аумақтық объектілері сыныптаушының коды: _____________

Жобаның атауы

Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы

Бюджеттік кредит қаражатының нақты түсімі

Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені

Бюджеттік кредит қаражатын өтеу

Қарыздың қалғаны

өсу қорытындысымен

есепті ай үшін

өсу қорытындысымен

есепті ай үшін

Өтелуі тиіс

Нақты өтелгені

Есептік кезеңнің басталуы

Есептік кезеңнің аяқталуы

мерзімі

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

мерзімі

сома
(мың теңге)

мерзімі

сома
(мың теңге)

сома (мың тенге)

сома
(мың теңге)

1

Облыстардың атауы





-

-

-

-

-

-

-

-

1

Өңірлік электр желілік компаниялардың атауы





-

-

-

-

-

-

-

-


1 - жоба













      Кестенің жалғасы

Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек

% игерілгені (өсу қорытындысымен)

Орындалмаған сомасы (мың. теңге) (өсу қорытындысымен)

Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу

Ескертпе

-
-

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

-

-

-

-

-

-

-

-






      Атауы: ______________________

      Мекенжайы: __________________

      Телефоны: ____________________

      Электрондық пошта мекенжайы: ___________________________________

      Орындаушы: ____________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) байланыс телефоны

      Басшы: _________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) байланыс телефоны

      Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.

  "Бюджеттік кредиттің түсуі,
игерілуі және өтелуі туралы
ақпарат" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат" Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Бюджеттік кредиттің келіп түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) Инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы сапалы ақпаратты ұсыну мақсатында әзірленген.

      2. Нысан мынадай ретпен толтырылады:

      "№" 1-бағанында нөмір ретпен көрсетіледі. Келесі ақпарат ретімен нөмірленуі керек;

      "Жобаның атауы" 2-бағанында жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік және (немесе) ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

      "Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы" 3-бағанында бюджеттен бөлінген жобаның сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатының нақты келіп түсімі" 4-бағанында жобаның іске асыруға бөлінген бюджеттен келіп түскен сома көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені" 5-бағанында жобаны іске асыруға бөлінген бюджеттен игерілген ақша сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатын өтеу" 6-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес өтелуі тиіс кредит сомасы көрсетіледі;

      "Қарыздың қалғаны" 7-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша берешек сомасы көрсетіледі;

      "Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек" 8-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша мерзімі өткен борыштың сомасы көрсетіледі;

      "% игерілгені (өсу қорытындысымен)" 9-бағанында бюджеттен бөлінген игеру пайызы көрсетіледі;

      "Орындалмаған сомасы (мың.теңге) (өсу қорытындысымен)" 10-бағанында бюджеттен бөлінген кредит бойынша пайдаланылмаған ақшаның сомасы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу" 11-бағанында құрылыс-монтаждау жұмыстары мен сатып алған материалдар сатып алуға жүргізілген конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі;

      "Ескертпе" 12-бағанында жоба бойынша қосымша ақпаратпен ескертпе көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады