"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 92 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрінде № 15783 болып тіркелген) күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |