БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18470 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 27 Бұйрыққа қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 4-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: "Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп"
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ТСО – 1
Жиілігі: жылдық
Есепті кезең 20 ___ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: әуежай қызметтері және аэронавигация саласындағы табиғи монополия субъектілері
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
Бизнес-сәйкестендіру номері |
Жинау әдісі: электронды түрде
Көрсеткіштердің атауы* | Өлшем бірлігі | Бекітілген тарифтік сметада көзделген | Тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштері | % ауытқу | Ауытқудың себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде | мың теңге | ||||
Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде | |||||
Шикізат және материалдар | |||||
Сатып алынатын бұйымдар | |||||
Жанар-жағармай материалдары | |||||
Отын | |||||
Энергия | |||||
Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде | |||||
Өндірістік персоналдың жалақысы | |||||
Әлеуметтік салық | |||||
МӘМС | |||||
Амортизация | |||||
Жөндеу, барлығы, оның ішінде | |||||
Ағымдағы жөңдеу | |||||
Өзге шығындар (таратып жазу) | |||||
Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде | |||||
Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде: | |||||
Әкімшілік персоналдың жалақысы | |||||
Әлеуметтік салық | |||||
МӘМС | |||||
Салықтар | |||||
Өзге шығыстар (таратып жазу) | |||||
Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар | |||||
Қызметтер ұсынуға арналған барлық шығындар | |||||
Кіріс (АРБ*ПМ) | |||||
Қолданысқа тартылған активтердің реттелетін базасы (АРБ) | |||||
Барлық кіріс | |||||
Көрсетілетін қызметтердің көлемі | заттай көрсеткіштерде | ||||
Тариф | теңге/көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған |
Ескертпе:
* – шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін
Ұйымның атауы _________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электрондық поштаның мекенжайы ________________________________
Орындаушының тегі және телефоны ________________________________
Басшысы _______________________________________________________
(тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Күні 20____ жылғы "____" ______________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТСО – 1 – тарифтік сметаны орындау;
АРБ – тартылған активтердің реттелетін базасы (теңге);
ПМ – пайда мөлшерлемесі (%);
МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп" (индекс – ТСО – 1, кезеңділігі жылдық) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті дайындауға арналған. Тарифтік смета – "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 26) тармақшасына сәйкес, уәкілетті органның ведомствосы бекіткен нысан бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің табыстарының, шығыстарының және көлемдерінің тізбесі.
2. Өтінім беру және тарифтердің, оның ішінде сараланған тарифтердің жобаларын бекіту туралы шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы мен табиғи монополия субъектілері осы Қағидаларды және бухгалтерлік есеп стандарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын басшылыққа алады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер
3. 1-баған – уәкілетті органның ведомствосы реттеліп көрсетілетін қызметтер бөлінісінде бекітетін тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы, кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті органның ведомствосы бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі.
4. 2-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі.
5. 3-баған – бекітілген тарифтік сметада көзделген кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдері және табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі.
6. 4-баған – тарифтік сметаның кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдері туралы нақты қалыптасқан көрсеткіштер және тарифтік сметаны орындау туралы есепті ұсыну кезеңінде табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі.
7. 5-баған – тарифтік сметаның бекітілген көрсеткіштеріне тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі.
8. 6-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің ауытқу себептерінің толық сипаттамасы көрсетіледі.