"Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 359, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2024 жылғы 8 қазандағы № 855/қе-қа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 680 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 747 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 36-н/қ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 52қа/қе, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 41 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қаңтарда № 35668 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 359, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2024 жылғы 8 қазандағы № 855/қе-қа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 680, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 747 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35232 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге:

      1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының бензин бактарында, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 2024 жылғы 29 кыркүйектен бастап, 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге;

      2) "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін жеткізу, сондай-ақ табиғи зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарын жою мақсатында көрсетілетін гуманитарлық көмек және (немесе) көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкету жоспарларына сәйкес, бензин әкетуді қоспағанда (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 450 0, 2710 12 490 0, 2710 12 412 0, 2710 12 413 0), ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 кодтары бар мұнай өнімдерінің темір жол көлігімен 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап, 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге әкетуге тыйым салу енгізілсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында әкету жағдайларына жол бермеу бойынша көмек көрсетсін.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен хабардар ету қажеттілігі жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне хабарласын.

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, қаржы, ішкі істер вице-министрлеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев
     
      Ішкі істер министрдің міндетін атқарушы Б. Аленов
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады