"Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 27 қаңтарда № 35676 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бірінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер:

      1) тәулік бойы медициналық байқауды талап етпейтін жіті және (немесе) созылмалы аурулардың асқынуы, соның ішінде шақыртудың 4-санатына қызмет көрсеткеннен кейін МСАК ұйымдары жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесі бригадасы фельдшерінің (дәрігерінің) жолдамасы бойынша;

      2) бекітілген халқы бар ұйымдарда динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар пациенттер тобын белсенді жоспарлы сауықтыру;

      3) көрсетілімдер болған кезде тәулік бойы стационардан шығарылғаннан кейін пациентті стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуді жалғастыру болып табылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Екінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер:

      1) тәулік бойы медициналық байқауды талап етпейтін диагностикалық зерттеулер, емшаралар және (немесе) манипуляциялар, операция алдындағы арнайы дайындық және (немесе) реанимациялық қолдаумен операциялар жүргізу;

      2) стационардан шығарылған, терапияны жалғастыруға мұқтаж және тәулік бойы байқауды талап етпейтін стационар жағдайындағы (инсульттан кейінгі, инфаркттан кейінгі жай-күйлер және басқа да күрделі жай-күйлер) операциялық араласудан, қарқынды емдеу курсынан кейін пациенттерді емдеу;

      3) қан препараттарын, қан алмастыратын сұйықтықтарды құюмен, арнайы гипосенсибилизация терапиясын, күшті әсер ететін препараттардың инъекциясы, дәрілік заттарды буын ішілік енгізумен ем жүргізу;

      4) тәулік бойы медициналық байқауды талап етпейтін жағдайларда химиотерапияны, сәулелік терапияға мұқтаж пациенттерді емдеу;

      5) пациенттердің денсаулығын қалпына келтіру және қолдау мақсатында, оның ішінде химиотерапиядан, сәулелік терапиядан кейін медициналық оңалту болып табылады.";

      көрсетілген Стандартқа 3-қосымшада:

      реттік нөмірлері 641, 797, 844, 873, 1043, 1202, 1203, 1249, 1271, 1281, 1308, 1353, 1373, 1606, 1743, 1744, 1745, 1746, 1866, 2263, 2265, 2269, 2294, 2309, 2373, 2357641, 797, 844, 873, 1043, 1202, 1203, 1249, 1271, 1281, 1308, 1353, 1373, 1606, 1743, 1744, 1745, 1746, 1866, 2263, 2265, 2269, 2294, 2309, 2373, 2357-жолдар алып тасталсын;

      "Туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау кезіндегі жағымсыз құбылыстар (негізгі диагноз - туберкулез)" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 9 және 16-жолдар алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады