"Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 44-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қаңтарда № 35685 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 31.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу қағидаларында:

      8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін, сондай-ақ ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары мынадай сомаларды негізге ала отырып әзірленеді:

      1) мыналардың орташа өлшемді мәндерінің жиынтығы:

      жоспарланған кезеңде облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жеткізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардан ұлттық оператордың сатып алуына жоспарланатын тауарлық газ бағалары;

      жоспарланған кезеңге арналған қазақстандық тауарлық газға ортаазиялық және (немесе) ресейлік газды қарсы жеткізу жөніндегі мәмілелердің шеңберінде сатып алу жоспарланатын тауарлық газ бағалары;

      жоспарланған кезеңге арналған импорттық жеткізулер жөніндегі мәмілелердің шеңберінде Қазақстан Республикасының шекарасында сатып алуға жоспарланатын тауарлық газ бағалары;

      2) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын тауарлық газды магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдау және жерасты газ қоймаларында тауарлық газды сақтау жөніндегі орташа өлшемді шығыстар;

      2-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес отырысының (бұдан әрі – Энергетикалық кеңес) хаттамасында ұсынған тарифтерге сәйкес магистральдық газ құбырлары арқылы тауарлық газды тасымалдау жөніндегі шығыстар;

      3) әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары;

      4) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және Заңның 6-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесіне (бұдан әрі – инвестициялық жобалардың тізбесі) енгізілген өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, сондай-ақ электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығының жеті пайыз мөлшерінде жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары;

      5) одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығының нөл пайызы мөлшерінде жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары.

      Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бірінші жылға мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда,

      PІКТ1 – ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің бірінші жылға арналған шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;

      Cp – осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығы, бір мың текше метр үшін теңге;

      1,2 – уәкілетті орган қолданатын есептеу коэффициенті.

      Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы әрбір келесі жылға мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда,

      PІКТ – ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің келесі жылдарға арналған шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге.

      PІКТn – ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің өткен жылға арналған шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;

      r – 1,2 – 1,75 шегіндегі есептеу коэффициенті, оны уәкілетті орган экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі төрт жылдық кезеңде қол жеткізілгенге дейін, өткен күнтізбелік жылға көтерме саудада өткізудің бекітілген шекті бағасының деңгейін ескере отырып қолданатын болады.

      Экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      PНАРЫҚ = PЭКСПОРТ - TЭКСПОРТ + TІШКІ НАРЫҚ

      мұнда:

      PНАРЫҚ – экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;

      PЭКСПОРТ – ұлттық оператордан алынатын мәліметтер негізінде қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылға орташа өлшемді экспорттық бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;

      TЭКСПОРТ – ұлттық оператордан алынатын мәліметтер негізінде қалыптастырылатын, тауарлық газды магистральдық газ құбырлары жүйесі арқылы жер қойнауын пайдаланушыдан Қытай Халық Республикасымен шекараға дейін тасымалдауға арналған шығыстар, бір мың текше метр үшін теңгемен;

      TІШКІ НАРЫҚ – уәкілетті орган бекіткен тарифтерге сәйкес анықталатын газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдауға арналған шығыстардың сомасы, бір мың текше метр үшін теңге.

      Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға тауарлық газды кейіннен өткізуге арналған ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан асып кеткен жағдайда, экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы қолданылады.

      Энергетикалық кеңес отырысының хаттамасы негізінде жекелеген ірі коммерциялық тұтынушыларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды өткізудің Энергетикалық кеңес ұсынған шекті көтерме сауда бағасы белгіленеді.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы тауарлық газдың шекті бағасының деңгейін ағымдағы деңгеймен салыстырғанда күнтізбелік бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында орташа арифметикалық мәнде отыз үш пайыздан астамға ұлғайтуды көздей алмайды.

      Осы тармақтың ережелері ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларына қолданылмайды.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газын көтерме сауда өткізудің шекті бағасы (бұдан әрі – шекті көтерме сауда бағасы) әрбір күнтізбелік 6 (алты) ай сайын (бұдан әрі – кезең) белгіленеді, кезең ішінде 1 (бір) реттен асырмай түзетіледі және өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын:

      1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;

      2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.";

      22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Жоспарланған кезеңге шекті көтерме бағаны бекітуді, сол сияқты кезең ішінде шекті көтерме бағаны түзетуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы ағымдағы деңгеймен салыстырғанда, шекті көтерме бағасы деңгейінің он бес пайыздан астам ұлғаюын көздей алмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады