БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11236 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38, 40-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 22, 27-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Азамат өтінішпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағында көрсетілген құжаттарды тезтікпеге салып ұсынады және онда қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсетеді.
Азаматтар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
Бұған дейін әскери қызметті өткермеген, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқымаған азаматтар, әйелдерді қоспағанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы білім беру ұйымында әскери дайындықтан өткенін растайтын құжатты ұсынады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өтініш прокуратура органдарында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес тіркеледі.";
1-қосымша осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалар "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – әскери қызмет өткеру қағидалары).";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Офицерлік құрамдағы лауазымдарға ниет білдірген кандидаттар үшін тестілеу бағдарламасы бойынша тестілерді орындауға берілетін уақыт 90 минутты (120 сұрақтар), қатардағы және сержанттық құрамдар – 90 минутты (90 сұрақтар) құрайды.
Тест бойынша өту мәні тестілеу бағдарламасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер бойынша дұрыс жауаптардың саны жалпы сұрақтардың санынан 70% кем болмауы керек.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем болмауы тиіс.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Тестілеу аяқталғаннан кейін кадр жұмысы бөлімшесінің өкілі кандидатқа тестілеудің нәтижелерін қол қою арқылы таныстырады. Кандидаттың қолы қойылған тестілеу нәтижелерінің бір данасы оның жеке ісіне тіркеледі.
Өту мәнінен кем емес баға алған кандидаттың тестілеу нәтижелері тестілеу өткен күннен бастап бір жыл ішінде жарамды болып есептеледі.
Тестілеу кезінде шекті мәндерден төмен балл алған кандидат қайта тестілеуден өтуге құқылы, бірақ алдыңғы тестілеу күнінен бастап бір айдан ерте емес.";
1-қосымша осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокуратураға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
нысан
(кімге)______________________ прокуратура органының (ведомствоның, мекеменің) басшысы (кімнен)_____________________ азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________________ туған күні, айы, жылы ____________________________ тұрғылықты жері |
Өтініш
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 37, 40-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына (ведомстволарына, мекемелеріне) келісімшарт бойынша ______ жылға әскери қызметке кіру және бос әскери ______________________ (лауазым атауы) лауазымына тағайындау үшін менің құжаттарымды қабылдауыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына (ведомстволықтарына, мекемелеріне) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеуден өту тәртібімен және шарттарымен таныстым, оларды орындауға міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағына сәйкес осы өтінішке қоса ұсынылған құжаттардың түпнұсқаға сай екендігін растаймын.
Қосымша:_______________________________________________________
қолы, күні
ЖОЛДАМА № ______
Келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтуге жарамдылығын анықтау
мақсатында_______________________________________________________
әскери лауазымның атауы
лауазымына Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына (ведомстволарына, мекемелеріне) қызметке кіретін кандидат ретінде
_________________________________________________________________
азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) туған күні, айы, жылы
жеке ісін ресімдеу үшін және медициналық куәландырудан (психологиялық тексеруден) өту үшін жолданады.
3х4 |
|
М.О. Кадр жұмысы бөлімшесінің басшысы __________________
қолы, тегі
Жолдаманың берілген күні _____________________
Атқарушы __________________________________
лауазымы, тегі, телефоны