"Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 18 ақпандағы № 11-1-4/83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 ақпанда № 35737 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16736 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145 жолдармен толықтырылсын:

      "

137

Құрғақ өнімді қайта есептегенде құрамында салмағы 20 %-дан немесе одан да көп марганец бар темір марганец кенін және концентраттарды қоса алғанда, марганец кендері мен концентраттары

2602000000

138

Бейметалдардың оттегімен, бейорганикалық өзге де қосылыстары

2811299000

139

Басқа сульфидтер

2830908500

140

Басқа хроматтар мен дихроматтар; пероксохроматтар

2841500000

141

Мочевинамен қатайтылған немесе қатайтылмаған сутегі асқын тотығы

2847000000

142

Қымыздық қышқылы, оның тұздары мен эфирлері

2917110000

143

Тиурам моно-, ди- немесе тетрасульфидтер

2930300000

144

Дөңгелек қимасының диаметрі 14 миллиметрден аз темір немесе легирленбеген болаттан жасалған борпылдақ орамдардағы ыстықтай илемделген шыбықшалар

721391

145

Өңделмеген марганец; ұнтақтар

8111001100

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
А. Рахметуллин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады