Судьяның кәсiптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтіретін ауруларының тiзбесiн бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 25 ақпандағы № 1 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 13 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 26 ақпанда № 35752 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Судьяның кәсiптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтіретін ауруларының тiзбесi бекітілсін.

      2. Медициналық ұйымдар судья лауазымына үміткерлерге медициналық куәландыру жүргізу кезінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының 2007 жылдағы 17 қаңтардағы № 15-п және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 17 қаңтардағы № 18 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова
     
      Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
Н. АХМЕТЗАКИРОВ

      "Келісілді":

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді":

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "Келісілді":

      Қазақстан Республикасы

      Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 25 ақпандағы
№ 13 мен
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
2025 жылғы 25 ақпандағы
№ 1
Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігі басшысының
2024 жылғы _____ № ___ және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы _______
№ ____ бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруға кедергi келтіретін ауруларының тізбесі

      1. Айқын қимыл бұзылулары бар экстрапирамидалық құрылымдары айрықша зақымданған нерв жүйесі аурулары.

      2. Пирамидалық және мишықтық жүйенің айрықша зақымданған нерв жүйесі аурулары.

      3. Сирингомиелия және сирингобульбия.

      4. Бүйірлік амиотрофикалық склероз.

      5. Когнитивтік функциялары (Альцгеймер, Пик аурулары және басқалар) айрықша бұзылған дегенеративтік аурулар.

      6. Эпилепсия және әртүрлі этилогияның эпилепсиялық синдромдары.

      7. Жайылмалы склероз.

      8. Диффузиялы склероз (Шильдер лейкоэнцефалиті мен басқалар).

      9. Функциясы тұрақты бұзылған нерв-бұлшық ет аурулары.

      10. Инсульт, тұрақты қимыл және сезімталдық бұзылуы мен жоғары психикалық функциялары бұзылуының салдары.

      11. Функциясы тұрақты бұзылған мынадай эндокриндік жүйе аурулары:

      туа біткен йод жетіспеушілігі синдромы;

      диффузиялы зобы бар туа біткен гипотериоз;

      туа біткен зобсыз гипотериаз;

      ІІІ-ІV дәрежедегі эндокриндік офтальмопатиясымен ауыр түрдегі жайылмалы зобы бар тиреотоксикоз;

      1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті, ауыр түрі, тұрақты түрде болмайтын;

      ауырлығы орта және ауыр нысандағы акромегалия, белсенді сатысы және гипофизарлы ірілік;

      ауырлығы орташа және ауыр нысандағы Иценко-Кушинг ауруы, Нельсон синдромы;

      альвеолярлы гиповентиляциядан болатын, семірудің ең соңғы дәрежесі;

      толық гипопитуитаризм, ауыр нысаны, тұрақты түрде болмайтын;

      гипофизді нанизм;

      функциясы тұрақты бұзылған эндокриндік органдардың ісіктері.

      12. Орталық нерв жүйесінің функциялары айқын бұзылған қатерсіз ісіктері.

      13. Гемобластоздар:

      көкбауырдың эритермиядан кейінгі миелоидты метаплазасы бар эритермия;

      акселерация мен бласты криз сатысындағы созылмалы миелолейкоз;

      тұрақты анемиядан болатын созылмалы лимфолейкоз;

      лимфогрануломатоз (іс жүзінде сауыққандарды қоспағанда);

      жіті лейкоз (іс жүзінде сауыққандарды қоспағанда);

      көптеген миелома (2-3 дәрежесі);

      гемофилия;

      Вилли-Бранд ауруы;

      идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (тиімсіз спленэктомия кезінде);

      Рандю-Ослер ауруы (геморрагиялық синдром кезінде);

      тұқым қуалайтын тромбоцитопатиялар (геморрагия болған жағдайда).

      14. Геморрагиялық диатездер.

      15. ІІІ дәрежелі қан айналым қызметінің жеткіліксіздігі (ҚЖ) бар жүрек және жүрекқаптың созылмалы аурулары.

      16. Жүректің ишемиялық ауруы: стенокардияның жиі ұстамалары (функциялық класс (ФК) ІІІ-ІV).

      17. ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру.

      18. Ырғақтың бұзылуымен қатар жүретін жүрек аурулары:

      ЖҚЖ 1 минутта кемінде 50 немесе естен тану жағдайларымен қатар жүретін синустық түйін, А-В блокадалар функциясының бұзылуы;

      ұстамалы қарынша тахикардиясы, қарынша экстрасистолия (Лаун бойынша ІІІ-ІV);

      ЭКГ-да QT интервалын 440 миллисекундтан аса ұзарту.

      19. Қолқа мен артерияның кез-келген бөлімдерінің аневризмдері мен қатпарлануы.

      20. Кеш сатыдағы реваматоидты артрит .

      21. Басқа органдар немесе жүйелер зақымдалған жүйелік қызыл жегі.

      22. Барлық сатыдағы үдемелі жүйелік склероз.

      23. 2-3-дәрежедегі бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар созылмалы гепатиттің айқын нысандары.

      24. Порталды гипертензиясы бар бауыр циррозы.

      25. Іш өту синдромы мен жиі қан кетуі бар тоқ ішектің тұқымында бар диффузиялы полипозы.

      26. Крон ауруы және жиі асқынулары мен қайталаған қан кетулері бар басқа да тән емес колиттер.

      27. 2-3 сатылы созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар (СБЖ) созылмалы бүйрек аурулары.

      28. Вестибулярлы қызметтің бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.

      29. Бір және екі жақты (сыбырлап сөйлеуді кемінде 3 метрден қабылдау) естуді электроакустикалық түзетумен (есту аппараттарын кем дегенде 6 метрден сыбырлап сөйлеуді қабылдау деңгейіне дейін таңдау) жақсарту мүмкін болмаған жағдайда оның кез-келген этиологиясының тұрақты төмендеуі.

      30. Көздің көрмеуі.

      31. Созылмалы ауыр тұрақты немесе жиі өршитін ауырсыну көрсетілімдері бар психикалық мінез-құлықтық бұзушылық.

      32. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық мінез-құлықтық бұзушылық.

      33. Псориаз, күлдіреуік, ихтиоз нысанындағы дерматоздардың ауыр нысандары.

      34. Кемел жастағы жеке бастың және мінез-құлықтың ауытқулары, жыныс идентификациясының және сексуалдық таңдаудың ауытқулары, сексуалдық бағытқа байланысты мінез-құлықтың ауытқулары.

      35. Көмей, кеңірдектің мойын бөлімінің аурулары және зақымданулары (тыныс алу және (немесе) дауыс қызметтерінің едәуір бұзылуы бар, тыныс алу және (немесе) дауыс қызметтерінің орташа бұзылуы бар).

      36. Жүре пайда болған жақ-бет сүйегі органдарының және тіндерінің ақаулары, майысулары және сырқаттар (тыныс алу, сілекей бөлу қызметтерінің едәуір бұзылулары бар).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады